Әлем • 09 Тамыз, 2018

Испанияда дала өрті салдарынан 2 жарым мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғындар түтіннен уланып қалмау үшін жергілікті билік өкілдері осындай шешім қабылдады.

Испанияда дала өрті салдарынан 2 жарым мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Лученте елді мекеніндегі өрт бірнеше күннен бері ауыздықталмай жатыр. Қызыл жалын 20 үй мен 600 гектар орманды шарпыды. Жүздеген адам Гандия қаласындағы арнайы павильонға эвакуацияланды.

Айта кетейік, Испаниядағы орман өрті аптап ыстық салдарынан тұтанған. Қызыл жалынмен күресуге 600 өрт сөндіруші мен 25 әуе техникасы тартылды.