Технология • 10 Тамыз, 2018

Жаңа технологияның пайдасы мол

2492 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа пе­дагогикалық технологиялар­ды пайдаланудың маңызы зор.­ Оқушы шығармашылығын үз­діксіз жетілдіріп отыру үшін ұстаз ізденіс үстінде болуы мін­­дет­ті. Міне, осы мақсатта сы­ны­бымыздың шағын ком­плек­тілі болуы­на байланысты оқы­тудың тиімді әдістерін пайдалану, үйрену және тәжірибе алмасу қажет.

 

 

Жаңа технологияның пайдасы мол

Сабақ соңында, әсіресе «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау топтық жұмыстарды тыңдауға, айтылған ойға келі­сетінін, не келіспейтінін білдіріп оқушыны сыни көзқараспен қарауға баулиды. Өзара бағалау мен өзін өзі бағалау оқушының, мұғалімнің бойындағы кем­шілікті жоюға бірден-бір жол екенін ұқтым. Өзін өзі бағалау мен өзара бағалау нәтижесінде оқушылардың тоқсандық білім сапасының алға жылжығанын байқадым.

Сабақ барысында берілген тап­­­сыр­­маны өмірмен бай­­ланыс­тыруға ұмтылыс жаса­ған ­кейбір оқу­шыларды көргенде «мы­на тапсырманы мына топқа бергенде қалай болар еді» деп ойландырып тас­тайтын да жайттар кездесіп тұрады. Тіпті топтасып, сабақты мақалдатып өз ойларымен қо­рытындылай бастады. Ұсыныстарын да білдіріп жатады.

 Әр жұмысқа дұрыс мақсат қоя білсек, іс-әрекетіміздің ал­ға жылжитыны анық. Топпен жа­саған сабақ өте жеңіл. Оқу­шылар тыс қалмай, бір-бірін же­те­лейді. Сыныбымызда кейде тақырыптар біріктіруге сай келмей жатады. Себебі, сыныптары әртүрлі. Бірақ соған қарамастан сынып бойынша тиімді әдістер тауып жатамыз. Осылай жұмысымыз жүйелі түрде жүргізілсе үлгерімі төмен оқушының саны азаяды деп ойлаймын. Қай іске кірісерде де адам оны орындаудан бұрын, жүзеге асырудың жолдарын ойластырады. Мұғалім күнделікті сабақтарға нақты мақсат қойып, оны орындау үшін ұтымды әдістерді таңдауы керек.

Әдіс – балаға берілетін түрлі ұғымдар мен тұжырымдарды көкірегіне қондырудың ең тиімді жолы.

Анар ЖОЛМЫРЗАЕВА,

Қарашеңгел бастауыш мектебінің мұғалімі