Ауыл • 10 Тамыз, 2018

Өмірзақ Шөкеев Қостанай облысына іс-сапармен келді

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР вице-премьері, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қостанайдағы жұмыс сапары барысында индустриялық аймақтың жұмысымен танысты.

Өмірзақ Шөкеев Қостанай облысына іс-сапармен келді

Өмірзақ Шөкеев өңір  ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының және инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылайды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен кездесіп, агроөндіріс кешенінің жергілікті аймақтағы даму бағыттарын талқылайды. Күннің бірінші жартысында Қостанай қаласында жаңадан салынған индустриялық аймақ пен "Садчиковское" сүт фермасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Заречный селосында өтетін агрокеңеске қатысады.