Аймақтар • 10 Тамыз, 2018

Қызылордада жастар керуені аудандарды аралап жүр

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін «Жастар рухани жаңғыру жолында» атты керуен аудан, қалаларды аралап жүр.

Қызылордада жастар керуені аудандарды аралап жүр

Құрамында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшылары Әлима Әбдіхалықова, Гүлмира Әшірбекова бар кездесуде бағдарламаның мәні мен мазмұнын кеңінен таратып айтып жүр. Сонымен қатар, жастардың танымдық білімдерін арттыратын, салт-дәстүріміз бен тарихымыздан сыр шертетін интеллектуалдық ойындар ойнатылады. Ұлттық ойындардан түрлі сайыстар ұйымдастырылып, соңы концерттік бағдарламаға ұласуда. Мазмұнды кездесу жастардың отан сүйгіштік қасиетін арттыруға септеседі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».