Аймақтар • 10 Тамыз, 2018

Жалағашта сор басқан жерлер қайта қалпына келтіріледі

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалағашта қолданылған «жасыл технология» сор басқан жерлерді қайта қалпына келтіруге болатындығын көрсетті.

Жалағашта сор басқан жерлер қайта қалпына келтіріледі

Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан күн сәулесі және жел өтін пайдалану ауданда сегіз гектар жерді жасыл желекке айналдырған. Күн, жел энергиясы арқылы жер қойнауынан тартылған су егін, мал суаруға жарап және ауыз су әжетін өтеп отыр.

Мамандар жаңа технологиялар игілігі арқасында су мен жарыққа кететін шығын 29 млн. теңгеге үнемделетінін айтады. Сондай-ақ, ауаға бөлінетін зиянды құрам жылына 300 тоннаға дейін азаяды екен.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».