Қазақстан • 11 Тамыз, 2018

СІМ басшылары Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммитінің қарсаңында қазақстандық тараптың төрағалығымен Каспий маңындағы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

СІМ басшылары Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады

Кеңестің жұмысына Әзербайжанның сыртқысаяси ведомствосының басшысы Эльмар Мамедъяров, Иранның - Джавад Зариф, Қазақстанның - Қайрат Әбдірахманов, Ресейдің - Сергей Лавров және Түркіменстанның - Рашид Мередов қатысып, алдағы жоғары деңгейдегі «Каспий бестігі» кездесуіне дайындық жұмыстарын қорытындылады.

«Бүгін біз ілгерілемелі келісімге ұмтылу және өзара тиімді шешімдерді табудың арқасында Каспий теңізіндегі өзара әрекеттесуге қатысты барлық мәселелер бойынша консенсуске келе алдық. Бұның айғағы ретінде президенттерге қол қоюға ұсынылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы болып табылады», - деді Қ.Әбдірахманов. Атқарылған жұмыс Каспий маңындағы мемлекет басшыларының белсенді атсалысуы мен жеке көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Бесінші Каспий саммиті барысында қол қоюға жоспарланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру бойынша тараптардың келешек әрекеттерін бейнелейтін хаттаманы қабылдады.