Аймақтар • 15 Тамыз, 2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындар қатарында Атыраудағы «КасХим» ЖШС да бар. Полипропилен мен полиэтиленнен жылына 27 млн дана өнім шығаратын зауыт қазір тұтынушылары мен бәсекелестері арасында жоғары беделге ие мекемеге айналды. 

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

Қазақстандағы барлық ірі компаниялар мен трансұлттық корпорациялар тарапынан «КасХим» АҚ-тың өнімдеріне сұраныс жоғары. Мұны серіктес­тіктің коммерциялық директоры Равиль Сафиулин де растайды. «Ел нарығында полипро­пилен мен полиэтиленнен жұмсақ қаптама жасау бо­йынша жетекші кәсіпорынға айналу – бірлескен еңбектің жемісі. Жұмысымыздың алға басуына мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың, жеңіл­детілген несиенің көмегі көп болды. Біз шығарған техни­калық шпагат пен полиэтилен қаптардың шетелдік өнімдерден еш кемі жоқ», дейді ол.

Қазір мекемеде 200-ге жуық маман еңбек етеді. Олардың көпшілігі арнайы оқытулардан өткен, заманауи технология­мен жұмыс істеуге дағдыланған. Өнімнің жартысына жуығы сыртқы нарыққа шығып отыр. Бір атап өтерлігі, кәсіпорын қал­дықсыз жұмыс істеуге бағыт­талған. Бірінші өнімнен шыққан қалдықтар арнайы қондырғыда қайта өңделіп, екінші сұрыпты өнім жасалады. 

«КасХим» АҚ-тың аға менед­жері Анна Макарова биыл «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына өтінім бер­гендерін айтады. Ендігі кезекте қосымша өндіріс ғимараттарын салып, өнім түрлерін көбейту жоспарда бар. Бұл өз кезегінде жұмыс­сыздық мәселесінің шешімін табуына оң ықпал етері анық. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»