«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан
15.08.2018 7405
2

...ұсыныс жасайды

                                                 Су айдындары таза болсын десек...
Табиғи ресурстарды сақтау мен молайтудың басты жолы – тұр­ғындар тарапынан жасалатын жанашырлық. Осы орайда өткен мамыр айында өңірде су айдындары мен жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл іске өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жанашырлары, жергілікті атқарушы органдар мен жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Міне, ел аумағындағы өзендер мен көлдерде балықтардың уылдырық шашатын мерзімі де аяқталды. Осы уақыттың аралығында балықты қорғау шаралары мен оны заңсыз түрде аулауға жол бермеу жөнінде бірнеше акциялар өткізілді. Бүгінгі күн биігінен қарастырғанда оның тиісті нәтижесі болды деп айта аламыз. 

Таза су айдындары экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың басты кепілі. Оған деген аялы көзқарас пен байыпты қамқорлық тұтастай қоршаған ортаны сауықтыруға септігін тигізеді. Осы қағиданы еліміздің әрбір азаматы назарынан тыс қалдырмаса екен дегім келеді.

Ақзираш ЖАМАНОВА,
Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық  инспекциясының бас маманы
АҚТӨБЕ

...ой қозғайды

                                            Тәрбие балабақшадан басталады
Әрбір баланың  балабақшаға барғаны дұрыс. Себебі бала ұжымда тәрбие алып, әсіресе, тілін дамытуы керек. Мен өзім «Аружан» мектебіндегі «Нұрай» тобында тәрбиеші болып жұмыс істеп келемін.

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді»  деген бар. Ең алдымен, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс- тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады.

«Менің баламның тәрбиешісі кім болады екен» деп әр ата-ана ойланады. Бала  балабақшаға алғаш рет келгенде біз оны жылы жүзбен қарсы аламыз. Ең әдемі ойыншықтарды көрсетіп, жұбатамыз. Әрбір тәрбиеші ата-ананың көңілінен шығуға тырысады. Баланың балабақшаға келуінің жақсы жақтары – мұнда ол өз-өзін күтіп үйренеді, өзі тамақ ішіп, өзі шешініп, киініп, мәдени-гигиеналық қабілеттері артады.

«Нұрай» тобында жиырма бес бала тәрбиеленуде. Мұнда әр түрлі ұлттың балалары бар. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсетуге тырысады. 
                                                                           

Әсел  ӘУБӘКІРОВА, 
«Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиешісі
Семей 

...сүйсініс білдіреді

                                            Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік
Өткен жылы аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Жұлдыз Асқардың жергілікті жастарды ұйымдастыруымен «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» атты қайырымдылық жобасы өмірге келген болатын. Сол жоба аясында аудан округтеріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық кеші өтіп, одан түскен 700 мың теңге қаражат сол балалардың  дәрігерлік ем алуына жұмсалған болатын. Ал биыл Жұлдыз Асқар аудандық  жастар кеңесінің төрайымы қызметіне сайланғаннан кейін  бұл жоба қайтадан жалғасын тапты. 

Жақында аудандық мәдениет үйінде «Қазталов аудандық жас­тар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» атты қайырымдылық  шарасы  өтіп, ол кішкентай  Гүлназым Тілекқызына арналды. 

Кештің барысында қайырымды жүректердің арқасында 250 мыңдай теңге жиналып, бұл қаражат Гүлназдың  апасы Мөлдірге  табысталды. Қолына қаражатты алып отырып сөз алған Мөлдір: «Бүгін туған сіңлім Гүлназым дүниеге қайта келгендей сезіндім, өзінің құрдастарымен бірге құлдыраңдап жүгіріп жүргендей болды. Осындай шараны ұйымдастырған жастарға мың да рақмет!»  деп көзіне жас алды. 
 
Әсем  БОЛАТ
Батыс Қазақстан облысы, 
Қазталов ауданы

...сақтандырады

                                                  Сөзді дұрыс қолданайық
Айтпағымыз – сөзді дұрыс қолдана білу, дәлірек айтқанда, сөз мәдениеті жайлы. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері кейбіреулердің күнделікті өмірде немесе алқалы жиындарда, радио мен теледидардан сөйлеген кезде «керекпіз» деген сөзді жиі қолданатынын байқап жүрміз. Айталық, айту керекпіз, тыңдау керекпіз, бару керекпіз, көру керекпіз деп, осы секілді құлаққа бір түрлі тосындау естілетін сөздер қолданылып жүр. Не керек, әйтеуір толып жатқан «керекпіз». Ал біз болсақ тыңдай отырып, осынау қаптап кеткен «керекпіздің» мағынасын дәл ұға алмай дал боламыз.
Қалай сөйлеу  әркімнің өз еркі. Десек те, тілді шұбарламай, әр сөздің мағынасына тереңірек мән берсек болмас па. Мәселен, әлгі «керекпіздің» орнына оның «керек» деген түбірінің бұрыннан-ақ айтылып келе жатқанын неге ескермейміз? Олай болмаған күнде «тиіс, тиіспіз» деген қалыптасқан  сөздер лексиконымызда бар емес пе? 

Қазіргідей кириллицадан латын қарпіне көшуге дайындық жасап жатқан кезде әр сөздің орнымен, дұрыс қолданылуына ерекше назар аудару – әрбір азаматтың төл міндеті, парызы. Олай болса, ана тілімізге құрметпен қарап, оны шұбарламай, сөзді орнымен қолданып, тіл мәдениетін сақтай білейік.

Кәрібай ӘМЗЕҰЛЫ,
зейнеткер
 Түркістан облысы

...мақтан тұтады

                                               Қарттар мен жасөспірімдердің қамқоршысы
Шарбақты аудандық мәслихатының депутаты Қисамиден Машеновты оқушы кезінен білемін. Қазіргі уақытта өзі туып өскен Есілбай ауылын көркейтіп, тұрмысы төмен отбасыларына материалдық көмек беріп, халық алдында зор беделге ие болғанына ұстазы ретінде қуанамын және мақтаныш етемін. 

Алдымен «Ақниет» атты азық-түлік дүкенін, тігін шеберханасын, шаштараз, наубайхана ашып жұмыссыздарға еңбек етуге жағдай туғызды. Өз қаржысы есебінен Есілбай ауылында Ұлы Отан соғысы құрбандарына «Ерлер есімі – ел есінде» – атты ескерткіш құлпытасын орнатып, құлпытасқа Есілбай ауылынан соғыста қаза болған боздақтардың есімдері ойып жазылған. Мектеп ауласын жасылдандырып, балалардың ойын алаңын жабдықтады. Есілбай ауылының көшесін көріктендіріп, жарық орнатып елдің еңсесін көтерді. 2016 жылы Есілбай ауылының 150 жылдық тойын өткізу кезінде еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік датасына байланысты «Мәңгілік ел» монументін ашты. 

Шегірен селолық округінің сайлаушылары Қисамиденнің еңбегін бағалап, қатарынан үш рет Шарбақты аудандық мәслихатының депутаты етіп сайлады. Ауданның қоғамдық саяси өміріндегі белсенді қызметтері үшін Шарбақты ауданының құрмет тақтасына ұсынылды. Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін мәслихаттың төс белгісімен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Шегірен селолық округінің ардагерлер кеңесі ауылдың аптал азаматының еңбегін жоғары бағалайды. 

Табылды АХМЕТОВ
Павлодар облысы 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу