Аймақтар • 16 Тамыз, 2018

Партия өкілдері «Ақтау теңіз портының» жұмысымен танысты

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасы «Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптамалық комиссия тобы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында болды. Онда жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысып, алдағы атқарылар жобалардың тиімділігі туралы айтты.

Партия өкілдері «Ақтау теңіз портының» жұмысымен танысты

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы 2002 жылғы ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған. Оны құрудағы басты мақсат экспортты дамыту және жоғарғы технологиялық өндірісті құруға бағытталған. Аймақ құрылысы басталғалы бері 1200 жұмыс орны ашылған. Келер жылы жалпы құны 69,59 млрд. теңгені құрайтын 6 жаңа жоба іске асырылып,1062 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр. Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Мереке Дүйсенбаев арнайы экономикалық аймақтың ерекше болуы ел экономикасына қаржы тартуға ыңғайлы жағдай жасайтындығын атап өтті.

- «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасы бойынша құрылған «Индустриялық даму» сараптамалық комиссиясы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық жобалармен танысты. Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Бұл жобалар еліміздің экономикасына елеулі үлес қосатын жобалар болып табылады.

Аймақта 17 жоба жүзеге асырылуда, деді ол. 2018 жылы жалпы құны 10,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба – «Steelworking Center» ЖШС болат өнімдерін өндіру, «Ақтау-ЭнергоМаш» ЖШС кабельдер мен трансформаторлар өндіретін зауыт, «Satex Chemie» ЖШС битум эмульсиясы негізінде гидрооқшаулағыш материалдарды өндіру және полимерлі орау өндірісі жүзеге асырылып, 262 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы