Жеңіл атлетика • 18 Тамыз, 2018

Мыңнан аса астаналық веложарысқа қатысуда

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жыл сайынғы жалпықалалық веложарыс өтіп жатыр. Спорттық шараға қаланың 1000-нан аса тұрғыны қатысуда.

Мыңнан аса астаналық веложарысқа қатысуда

Спорт күніне орай өтіп жатқан шарада қатысушылар Қабанбай батыр даңғылының бойымен «Салтанат сарайынан» бастап «Астана Арена» стадионына дейін 5 шақырым жолды велосипедпен жүріп өтеді.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Қабанбай батыр даңғылының Қараөткел көпірінен Бұхар жырау көшесіне дейінгі аралығы («Астана-Арена» стадионы) шараның соңына дейін көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады.