Тыныштықты сөз бұзады

Абай атамыз 40-шы қарасөзінде «Ты­ныш­тық іздеп таба алмай жүрген жұрт ты­ныштық көрсе, сәтке тұрмай, ты­ныш­­­тықтан жалыға қалатұғыны қалай?» де­гені сияқты адам баласы таби­ғаты­­нан жалыққыш келеді. Әсіресе бей­бітші­лік пен тыныштықтың қадірін біл­мей­ді. Тіпті осы жайлы қасиетті Құран­ның «Ниса» сүресінде «өйткені адам баласы нашар жаратылған» дейтін аят та бар.

Егемен Қазақстан
28.08.2018 4157
2

Ендеше осы бір «нашар жаратылыс» иесі неге тыныштықтан жалыққыш келеді? Оны бұзатын дүние не? Жауап: ол – бүлік. Яғни елдің берекесін кетіріп, тыныштығын шайқап, ортасына жік салатын оқиғаны ислам ғалымдары бірауыздан «бүлік» деп атаса, қазіргі заманауи әлеуметтанушылар оған «арандатушы топ» деп анықтама беріпті. Өткен ғасырда осы тақырыпта терең зерттеу жасаған тәпсірші ғалым Әбдірахмен Сағди (1889-1956) бүлік әуелі сөз арқылы басталып, уақыт өткен сайын тамыр жаяды да, ақыры ол қимыл-әрекетке ұласады сөйтіп қоғамда шайқалыс пайда болып, ол адамдарды ақиқатты тануға мүмкіндік бермейді, депті.

Расында бүлік мәселесінде адамдардың танымы, зерделеуі бірдей емес. Абайша айт­қанда, оны «жүрек көзі» барлар ғана аңғара алады. Өйткені, бүлік тұман басқан биік тау сияқты. Осы мәселе жайлы орта ғасырда өмір сүрген Құзайпа дейтін ғалым: «Бүлік ақиқат пен жалғанды айыра алмайтын адамға келеді» деген екен. Бұл – шындық. Өйткені, бүлікке бүлікқұмар адамдар ілеседі.

«Кездейсоқ немесе күмәнді бастамаға ерген адамдардың ақылы мен білімі әлсіз деп айтуға болады. Аяғынан нық тұратын, ақыл-даналығы бар адам көрінген бастаманың артынан ермейді. Жүректері ауытқымалы адамдарды жалған нәрсе қызықтырып, өзіне тартады» деген пікірді келтіреді ғалым Исмаил Мұхадиннің бүлік туралы еңбегін аударған Замир Түлешов деген азамат.

Абай атамыз жоғарыдағы Исмаил ғалым пікірін қазақы таныммен тамаша тәпсірлеп, 14-ші қарасөзінде «Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі – пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері, депті. Дәл қазіргі әлеуметтік желілердегі «тисе терекке, тимесе бұтаққа» бағытталған айқай-сүрең, бүгінгі өміріне разы-қош емес әсіре «батырлар» әрекеті жоғарыда Абай атамыз айтқан «айда, батырлатулар». Басқа ештеңе емес. Сөйтіп, айда батырлатамыз деп жүріп, «жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бо­йын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады» дейді тағы да Абай жарықтық.

Осы орайда жазбамызға тұздық боларлық мына бір тәмсілді келтіргеніміз жөн сияқты. Ертеде дәулетті адам құл сататын базарға барып, аса сымбатты, сом денелі құлға көзі түседі. Бағасы да арзан. Сатушы айтады: «Мынау он адамның жұмысын жалғыз атқарып, бір адамның тамағын жейді. Айы­бы – бүлік ұйымдастырудың қас шебері, егер қорықпасаңыз алыңыз» дейді.

Дәулетті адам ойланады: «Құлдың қолынан не келер дейсіз, оның бер жағында, әулетімнің берекесі нығыз, бұған алдыра қоймас». Құлды сатып алады. Айтса айтқандай, ол жұмысты жапырады, бау-бақшаны гүлге бөлейді, ауылды айналдыра тоған қазып су келтіреді, малды бағады, отты жағады…

Арада бірнеше жыл өткен соң әулеттің ішкі жайына қаныққан құл бүлікті бастайды. Байдың көрікті, ибалы, иманды жас әйелі бар екен. Бірақ бала таппаған. Бай ұзақ сапарға аттанды. Осыны пайдаланған құл әйелге келіп: «Ханым, байекең басқа әйел іздеп кетті, жас тоқал алмақшы, оны менен басқа ешкім білмейді» деп көлгірсиді. Жас әйел қапаланып жатып қалады. Құл қайта келіп: «Ханым, бұдан шығатын жол бар, сіз маған сеніңіз, мен сиқыр оқуын игерген жанмын, бүгін күйеуіңіз келеді, ол ұйықтағанда қасына білдірмей барып, үш тал сақалын кесіп алып маған беріңіз, мен сиқыр жасап оны кетпейтін етпейін» дейді. Әйел көнеді.

Бай сапардан оралады. Құл алдынан шығып еңірейді: «Байекем-ай, қайран байекем, сен жоқта әйелің бір жігітпен көңіл қосты, олар сенің көзіңді жоюға серттесті. Бүгін түнде ұйықтаған болып сақ жатыңыз, әйеліңіз сізді бауыздауға келеді» дейді. Бай сенер-сенбесін білмей, аңтарылып не болса да байқап көрмекке төсегіне қисаяды. Ұйықтаған болып ала-көбеңде бақылап жатады. Әйелі қолында өткір кездігі бар кіріп келеді. Пышағын жалаңдатып, тура тартады. Бай «қап, бәлем» деп атып тұрып, оның қолындағы пышақты жұлып алып, әйелді бауыздап жібереді.

Осылай бүлік басталады. Әулеттің шыр­қы бұзылады. Күнде өлім. Көп адам қазаға ұшырайды. Мұны кім ұйымдастырып жүр ешкім білмейді. Суық хабар жан-жаққа та­райды. Жоғарыда құлды сатқан адам пәленің қайдан шыққанын сезеді де, ­әдейі­леп келіп, әлгі оны өлтіреді. Халықты ­жинап, «сендердің береке-бірліктеріңді бұзып, көп адамның өліміне себепкер болған ­мынау адам» дейді. Сонда барып халық есін жиған екен.

Бүліктен, яғни елдің тыныштығын бұзатын сөзден, әрекеттен аулақ болайық, ағайын!

 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу