Қазақстан • 29 Тамыз, 2018

Қызылордада халыққа қызмет көрсету орталығына келген әрбір 23-ші азаматқа кітап сыйланды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституцияның 23 жылдығына орай әрбір 23-ші қызмет алушыға сыйлық жасалды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Қызылордада халыққа қызмет көрсету орталығына келген әрбір 23-ші азаматқа кітап сыйланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалында мерекелік іс-шара өтті. Ата заңымыздың 23 жылдығына орай халыққа қызмет көрсету орталығына келген әрбір 23-ші азамат сыйлыққа кітап алды.

Сәтті кезек иелері 100-ге жуық кітаптың ішінен өзіне қызықтысын таңдап алу құқығына ие болды. Оның ішінде саяси-қоғамдық, тарихи кітаптармен қатар, әр кітапхананың төрінен орын алған туындылар - Елбасының кітаптары да болды.

«Біз әр қызмет алушының көңілінен шығатындай түрлі тақырыптағы кітаптарды жинадық. Кітапқұмар қауымның қатарында жастарымыздың көптігі қуантады. Кітап – қай кезде де құнды сыйлық болып қала бермек», деді филиал директоры Айдын Қайруллаев.

Соңғы жаңалықтар