Жазғы спорт • 01 Қыркүйек, 2018

Азиада-2018: Құрышбаева Қазақстанға 14-ші «алтынды» алып берді

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Самбошы Ділдәш Құрышбаева Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 14-ші алтын медальді әкелді, деп хабарлайды «SPORTINFORM». 

Азиада-2018: Құрышбаева Қазақстанға 14-ші «алтынды» алып берді

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Өзбекстан өкілін 3:0 есебімен жеңіп шықты. Еске салайық, бұған дейін қазақстандық самбошы Әлібек Зекенов қола медаль үшін өткен айқаста отандасымыз Айбол Айтбектен басым түскен еді. Осылайша, Қазақстанның қоржыны тағы бір медальмен толықты. Қазіргі таңда отандық спортшылар 14 алтын, 16 күміс және 43 қола иеленіп отыр. 2018 жылғы Азия ойындарының медальдық есебінде еліміздің атлеттері 9-шы орынға табан тіреді.