Қиял құдіреті

«Қияли» деген сөз бар. Мақтауға қара­ғанда даттау, көп жағдайда келемеждеу жағы басым түсіп жататын сөз. «Қияли» сөзі жас балаға қатысты айтылса, бұл сөзде үміт күттірерлік қасиет байқалады. Ал өмірдің белестерінен әбден өткен, шау тартқан адамға қатысты қолданылса, онда расында да бұл босқа өткен өмірді білдіретіндей. Өйткені «қиял», «қиялдау» дегеніміз әлі ашылмаған ресурс қой. Жасы келген кезінде өз бойындағы осы ресурсты ашып, оның қасиетін пайдалана алмаса, расында да әрбір адам баласы  келемеждеуге лайық секілді.

Егемен Қазақстан
03.09.2018 148
3

Шын мәніне келгенде, қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние. Алланың адамға бере­тін негізгі байлығының бірі осы қиялдай білу қасиеті. Ғалымдардың пікірінше, қиял­дай білу қасиеті басқа жан-жануарларға дары­тыл­маған. Демек адамзат дамуының түпкі заңды­лығы, оның бүгінгідей өрке­ниеттік биік дең­гейге көтеріле алуы адамның осы қиялдай білу қасиетіне молынан қатысты екендігі анық.

Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шын­дығы әбден астасқан заман. Өйткені адамзат өз қиялын толық жүзеге асырарлық деңгейге көтеріліп отыр. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен адам баласы қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды. Қиял-ғажайып ертегілерде айтылған адамзаттың арман-тілегінің бәрі қазір жүзеге асуда. Алланың адамға дарытқан қасиетінің арқасында қиял дегеніміз шексіз ғой. Қиялдың осы шексіздік қасиеті адамзатты әлі талай биіктерге көтереді деп үміттенемін.

Қиял дегеніміз – төбеміздегі көк зеңгір аспан секілді де, адам ойы – сол қиял аспа­нын­да шарқ ұрған қыран құс секілді. Егер адам­ның қиял әлемі соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұр­лым алыстарға самғап ұша алады. Демек бүгін­гідей бәсекелестік өріс алып отырған заман­да, жаңа туған жас нәрестенің бойына қиял­дай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу – әрбір ата-ананың парызы. Сіз бала­ңызға осы қасиетті дарыту арқылы ғана оның бола­шағының үлкен бір бөлігін қамтамасыз ете аласыз. Өйткені баланың қиял әлемі барын­ша кең болса, оның арманы да соған сай асқақ болмақ. Егер баланың арманы барын­ша асқақ болса, ол өз алдына соған сай биік мақсат қоя алады. Оның мұндай қыры, көбінесе, бозбала шағынан бас­тап ашы­ла бастайды. Егер бозбаланың немесе бойжет­кеннің алдына қойған мақсаты биік болса, оның өмірге, сонан кейін өзіне қояр талабы да соншалықты мығым болмақ. 

Әрине осының барлығы – ұзақ үдеріс және мұнан кейінгі жағдайлар адамның қандай білім алатындығына, қандай ортада еңбек ететіндігіне, қандай тәжірибе жинақтайтынына және жеке басының жа­­уапкершілігіне байланысты өріс алатындығы анық. Бірақ қандай уақыт, қандай өмір кезеңінде болсын, белгілі бір жұмысты игеруге кіріскенде оған ең алдымен көмекке қиялдай білу қасиеті келетіндігі анық. Міне, осы қасиеті арқылы ол қарастырылып отырған проблеманы мейлінше кең ауқымда көре алатын және оның шешімінің сандаған нұсқаларын байқай алатын болады. Қиялдай білу қасиеті, әсіресе шығармашылық еңбек­пен шұғылданатын адамдар үшін таптырмас құрал. Ал біз өмір сүріп отырған қазіргі заман кез келген еңбек түріне шығармашылықпен ойлау талабын қоюда.

Қазақстанның АҚШ-тың Шеврон компаниясымен бірігіп құрған мұнай саласындағы аса ірі компаниясы «Теңізшевройл» ЖШС шет елдерден оқу бітіріп келген «Бола­шақ» бағдарламасы түлектерін жұмысқа қабыл­даған кезде олардың арасында конкурс өткізді. Байқаудың ең басты талабы – олар­дың бойындағы сыни ойлау қабі­летін тексеру болды. Сонан кейін барып, ағыл­шын тілін қаншалықты білетіндіктеріне, өз маман­дықтары бойынша білімділік деңгейлеріне назар аударылды.

Сыни ойлау дегеніміз не? Бұл жалпақ тілмен айтсақ, адамның қаншалықты қиялдай білетіндігін тексеру ғой. Қазір осындай үрдіс әлем бойынша қолданыла бастады. Демек қазіргі диплом дегеніміз, қандай білім алғаныңызды білдіретін қағаз ғана. Әрине біліктілік талабына сәйкес жұмысқа орналасу үшін диплом қажет. Бірақ әлемнің мықты компаниялары дипломмен ғана қанағаттанбайды. Олар бірінші кезекте бойыңызда қандай қасиет барын байқағысы келеді. Соның бірі – адамның қиялдай білу қасиеті. Бұл қасиет адамға сәби кезінен дарымаса, кейіннен қолға түспейтіндігі анық.

Сәби қиялын қалайша кеңейтуге болады? Соның ең басты шарттарының бірі – оған ертегі айту деп түсінеміз. Әрине сәби қиялын дамытуда қазіргі мультфильмдердің де маңызы зор екендігі анық. Бірақ бұл дайын өнім. Кейіпкерлерінің түр-келбетін, барлық заттарды бейнелі түрде көз алдыңа алып келеді. Сондықтан оның балаларды қызықтырушылық рөлі зор. Бірақ бәрібір ертегіге жетпейді. Себебі ертегі тыңдаған сәбилер ондағы кейіпкерлердің бейнелі образдарын қиялдау арқылы өздері сомдауға мәжбүр болады. Демек сәби үшін мультфильм­ге қарағанда ертегінің пайдасы молырақ. Бұл сәби қиялын кеңейтумен қатар ойлануға, ми жасушаларының барынша жұмыс істеуіне әсер етеді. Басқалай айтқанда, дүниедегі ең кереметтің бәрі қиял туындысы болып табылады.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу