Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Атырау облысына келді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Атырау облысына келді. Сапар барысында ол бастауыш партия ұйымдарының жандандыру аясында жасалып жатқан жұмыстармен, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының және жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Егемен Қазақстан
08.09.2018 18194
2

Ағымдағы жылдың маусым айында өткен партияның Саяси кеңес отырысында Президент бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыруды тапсырған болатын. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдайда бойынша республикамызда 1 млн.-нан астам партия мүшелерін біріктіретін 6 мыңға жуық бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді. Партия құрылымын жетілдіру мақсатында тұрақты түрде мүшелер саны аз ұйымдарды біріктіру арқылы БПҰ желісін оңтайландыру  процесі жүргізілуде. Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, оны жан-жақты талқылау басталып кеткен. Шымкент, Қарағанды, Павлодар қалаларында 800-ге жуық партия мүшесінің басын қосқан «Бастауыш партия ұйымдарының» форумдары өтті. Алқалы жиындарда жаңа даярланған тұжырымдама жобасына байланысты айтылған пікірлер, ұсыныстардың барлығы іріктеліп, жыл соңында Астанада өтетін бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумында жарияланатын болады.

БПҰ-ның жұмысына байланысты жаңашылдықтар туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Атырау мұнай өңдеу зауыты» бастауыш партия ұйымында өткен кездесуде айтты.

- Партияның ірге тасы, басты күші ол бастауыш партия ұйымдары. Қазақстанды  үшінші жаңғырту аясында Елбасының бастамасымен қолға алған бағдарламалық құжаттардың, партиялық жобаларды жүзеге асыру жолында бастауыш ұйымдарының рөлі ерекше. Қазіргі күні партия қолға алған: ІТ-сыныптар мен ІТ-орталықтарын ашу, кітапханаларды, мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғырту бойынша жобаларды халық арасында насихаттау, түсіндіру жұмысына белсенді қатысуларыңызды күтеміз, - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетсек, мұнай өңдеу зауытында 1 200-ге жуық партия мүшесі еңбек етеді. Зауыттың бастауыш партия ұйымы 2015 жылы  республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауында 2 орынды иеленген. Еліміздегі «Жас Отан» жастар қанаты мен қоғамдық қабылдау бөлімібар жалғыз ұйым. БПҰ жанында мемлекеттік тілді тереңдете оқытатын орталық та жұмыс істейді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы тарапынан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мақсатында орталық және өңірлік деңгейде Қоғамдық кеңестер құрылған болатын. Қоғамдық кеңестің құрамында жетекші саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассемблеясының, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлерінің және өңірлік палаталарының, елдегі ірі ҮЕҰ-ның басшылары мен өкілдері, танымал блогерлер, салалық сарапшылар мен ғалымдар бар.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев облыс орталығында Елбасының үшінші бастамасы «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бойынша Атырау қаласындағы «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің жатақханасында болды. Оқу орнында биыл 4 қабатты 100 жатар орынға арналған жатақхананы қолданысқа берілді.

 Нысанды аралаған партия Төрағасының Бірінші орынбасары 2018 жылы «ҚазТрансОйл» компаниясының Батыс филиалы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне 700 орынға арналған жатақхана бергенін атап өтті. Жыл соңына дейін қосымша тағы да 200 орындық екі жатақхана тапсырылады деп жоспарланған.

- Жатақханада студенттердің алаңсыз тұрып және оқуы үшін барлық жағдай жасалған. Студенттермен, жас ұстаздармен әңгімелестік, олар жаңадан бой көтерген студенттер үйіне қолжеткізгеніне қуанышты. Ал, бұл Президент бағдарламасының жүйелі жүзеге асып жатқанының көрсеткіші. Бес әлеуметтік бастама нақты xалықтың әлеуқатын көтеріп, өзгеде әлеуметтік мәселелердің шешім табуына септігін тигізуде. Бұл бағдарлама тұрғындар тарапынан үлкен қолдауға ие, - деді Мәулен Әшімбаев.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының тағы бірі – шағын несие беруді көбейту. Осы бастаманың облыста қалай жүзеге асырылып жатқанын қадағалау үшін Мәулен Әшімбаев «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС-і алаңында орналасқан «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрететін орталықта болды. Осы бағдарлама бойынша 2018 жылы облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге, республикалық бюджеттен қосымша 589 млн. теңге бөлінген. «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында Атырау   аймағында 750 адам білімін жетілдірген.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев облыстық оңалту орталығында орналасқан «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысты. 2009 жылы іргесі қаланған орталық «Үздік әлеуметтік жоба» байқауының аймақтық жеңімпазы. Айта кетсек, қоғамдық бірлестік 2011 жылы «Инватакси» қызметін қосқан. 2018 жылдың 8 айында инватакси 5 мыңнан астам қызмет көрсеткен.

Мәулен Әшімбаев Елбасының тапсырмасы бойынша бұл салада соңғы жылдары елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын, арнайы бағдарлама қолға алынып, мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғайтын заңдар қабылданғанын да атап өтті. Алайда бұл тек мемлекеттің ғана міндеті еместігін, оған бүкіл қоғамның ат салысуы тиіс екенін айтқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары партия тарапынан да айтарлықтай іс-шаралар қарастырылғанына тоқталды.

– Партия қызметін жаңғырту аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын одан әрі жандандырып, тиімділігін арттыруды қолға алдық. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында біз нақты төрт басымдықты анықтадық. Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта қалыптастыру. Екіншіден, олардың инклюзивті білім алуларына ықпал ету. Үшіншіден, жұмысқа орналасуларына қолдау көрсету. Төртіншіден, осы салаға қатысты заңнамаларды одан әрі жетілдіру. Осылайша партия құр статистика үшін емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға нақты көмек көрсетуді көздеп отыр, – деді Мәулен Әшімбаев.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Атырау білім-инновация лицей-интернаты базасында «Балаларға арналған тегін  IT сыныптар» партиялық  жобасын  жүзеге  асыру  мақсатында бой көтерген  IT сыныпты аралап көрді. Айта кету керек, биыл өңірде бұдан басқа әлемдік талаптарға сай 8 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды бағдарламау және робототехника негіздеріне оқытатын  10  ІТ-сынып ашылған.  Бұл мектептерде  2018 жылы - 700,  2019 жылы – 1500,  2020 – 2000 баланы оқыту жоспарланып отыр.

Мәулен Әшімбаев Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ашылған  «ІSpace» коворкинг орталығында  да  болды. Коворкинг кеңестігі бір уақытта 80 резидентті қабылдауға арналған. Қазіргі заманғы инфрақұрылыммен жабдықталған. Жеке  жұмыс орындарымен пікір алмасу бөлмелері, демалыс аймағы бар.

Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев аймақтағы партия активімен кездесті. Келелі кездесуде Президенттің бес әлеуметтік бастамасының және жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізіп, атқарылған жұмыс барысы талқыланды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.11.2018

Арқалықта қуатты, заманауи ет комбинаты жұмысын бастады

22.11.2018

Жеке куәлікті саусақ таңбасы алмастыратын болады

22.11.2018

Президенттік олимпиададан олжалы оралды

22.11.2018

Жамбыл облысында жылқы ұралағандар ұсталды

22.11.2018

Дамир Исмағұловтың қарсыласы анықталды

22.11.2018

Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

22.11.2018

Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

22.11.2018

Мәнерлеп сырғанаушылар Загреб пен Таллинде сайысқа түседі

22.11.2018

Елбасы мақаласы шетелдік БАҚ назарында

22.11.2018

Тарихи сана тұғыры – ұлттық болмыс

22.11.2018

Шымкенттіктерге арнайы медициналық көмек көрсетті

22.11.2018

Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

22.11.2018

«Digital Urpaq» Пионерлер сарайы өз жұмысын бас­тады

22.11.2018

Қалдықтар да кәдеге жарайды

22.11.2018

Зиялы қауым өкілдері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы не дейді?

22.11.2018

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

22.11.2018

Дулат Исабеков: Қазақ баспасөзінің көшбасшысы – «Егеменге» жазылыңыз!

22.11.2018

Астана Операда «Күміс ғасыр балеттері» көрсетіледі

22.11.2018

«Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» көрмеcі ашылды

22.11.2018

Балалар Барнаулға неге барады?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Baǵdarlamalar baıandylyǵymen baǵaly

Elbasy Nursultan Nazarbaev bıylǵy jylǵy halyqqa Joldaýynda úkimet múshelerine qaratyp, «Bizde árqıly baǵdarlamalar qabyldanyp jatyr. Indýstrıalyq baǵdarlama, ınfraqurylymdyq baǵdarlama, sondaı-aq, áleýmettik máselelerdi qamtyǵan kóptegen baǵdarlama bar.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу