Саясат • 10 Қыркүйек, 2018

Әділбек Жақсыбеков пен Бағдат Әміреев қызметінен босатылды

983 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әділбек Жақсыбеков пен Бағдат Әміреев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен, Бағдат Құлтайұлы Әміреев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.