Спорт • 11 Қыркүйек, 2018

Бакуге баратын дзюдошылар белгілі болды

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-27 қыркүйек аралығында Әзірбайжанның бас шаһары – Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Осы жарыста 130 мемлекеттен келген 800-ге тарта балуандар 14 салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, түрлі-түсті медальдарды сарапқа салады. 

Бакуге баратын дзюдошылар белгілі болды

Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов байрақты бәсекеде 9 спортшыға үміт артып отыр. Олар – Ғұсман Қырғызбаев (60 кило), Ерлан Серікжанов (66 кило), Жансай Смағұлов пен Бекәділ Шаймерденов (73 кило), Әзиз Қалқаманұлы мен Дидар Хамза (81 кило), Ислам Бозбаев (90кило), Виктор Демьяненко (100 кило) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кило).

Әйелдер арасындағы жарыста Галбадрах Отгонцэцэг (48 кило), Севара Нышанбаева (57 кило), Ақниет Тұрдан (63 кило), Аэлита Щербакова мен Ажар Салықова (70 кило), Зарина Райфова (78 кило) және Гүлжан Исанова мен Камила Берліқаш (+78 кило) сынды дзюдошылар бақ сынайды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»