Аламанға ат қоссаң, бапты болсын

Аламанға ат қосқан ат төбеліндей малсақ қауымның көңілі күпті еді. Үкілеген жүйріктерінің қарым-қау­ме­тінің қаншалықты екендігін біл­гендіктен бе, дәмелісі аз да, дүрмекке дырду қосқандары басым.

Егемен Қазақстан
12.09.2018 2308
2

Жанары отты, ауыздығын шайнап, жер танабын қуырғалы тұрған шын тұлпардың қарасы саусақпен санарлық. Есесіне, қарындары қампайып, шең­бі­рек атқан можантопайлары мол. Алғашқы айналым басталғанда-ақ сауыры, омырауы ақ көбікке малынған, тапырақтаған жеті-сегізі жарыс жолынан шығып қалды. Екінші айналымда да барлыққандарының қарамы едәуір. Соңғы үшінші айналымда ерен жүйріктер ғана шоқтай екшеліп қалды. Шабыстан гөрі тепеңдеген жортаққа таяу, қара желістің аз-ақ алдындағы екпінмен тоңқаңдаған талай жылқы көрерменге күлкі болды. Негізінде, күлкі болған қайран да қайран қасиетті жылқы емес, жаратусыз, бапсыз, қолтығы сөгіліп шаба алмайтын тұқымы азған тұғырды бәйгеге қосқан ат иелері еді.

Иә, шынында ат жарату өзгеше өнер. Ілкі заманда жалпақ жонның қа­бырғасын қайыстырған үйір-үйір жылқының ішінен болашақ жүй­рік шығар тұлпарды құлын кезінен-ақ қапысыз танып, баптаған. Әрине кез келген құлыннан жүйрік шықпай­тындығы белгілі. Әуелі тұқымына қа­рап бағаласа керек. Содан соң тұқы­мы тәуір құлынды мәпелеп күткен. Үйірге көп қоспаған, себебі жылқы үйездеп тұрған кезде ірілері ұсағын теуіп мертіктіруі де мүмкін. Тай кү­нін­де бәйгеге қосып сынаған. Құнан шық­қанда қолтығын жаздырып, құнан бәйгеге қосқан. Жылқы жайын жақсы білетін кәнігі атбегілер мұны жер таныту деп атаса керек. Дөненін де піштіріп, жайлауға бос қоя берген. Бесті шыққанда қолға ұстап, қара жа­рыстарға қосқан. Бұл талапты бұрын­ғылар шаң көрсету деп атаған. 

Ат жалын тартып мінгелі жылқы бақ­қан, жылқы жайын жақсы білетін Жет­піс Бектеміров ақсақал былай дейді:

– Көнекөз қариялардан естуімізге қарағанда, әрі өзіміздің азды-көпті тәжірибемізге сүйеніп айтатын болсақ, жүйрік баптау жыл бойы жалғасып отыратын, орта жолда үзіп тастауға болмайтын өнер. Кешегі кеңес заманында ел назары техникаға ауып кетті де, жылқыға ешкім көңіл бөлген жоқ. Содан соң сан ғасыр бойы жалғасып келе жатқан ата дәстүрі ұмыт болды. Шынымен жүйрігіңді жыл он екі ай бойы көзіңнен таса қылуға болмайды. Бір рет бабын бұзып алсаң, қай­тадан бабына келтіру қиынның қиыны.

Асылында тері алынған ат пен тері алынбаған аттың екеуі екі түрлі болмақ. Тері алынған жүйріктің денесі құрғақ, көңілді, таза тұрады. Тіпті жылқы жайын жақсы білетін жамағат қылқұйрықтының «мен бәйгеге дайын­мын» деген ишарасын ұққандай болады. Демалысы қалыпты, тынысы да кең. Ал, жаратылмаған ат құдды ұйқысы қанбаған адамдай маужырап, әлдене жетпей тұрады.

Атты күшіне қарап суыту керек. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, алыс қашық­тыққа, жақынға шабатын ат бар. Бәйге жолының қашықтығына орай ат бапталмақ. Ал баптау әдісі әртүрлі. Егер тілін түсініп баптай алмасаң, жүй­ріктің бағы таяды. Бәйгеге қосатын атты дұрыс жемдеген ләзім. Бидай ауыр, арпа да жеңіл емес. Ең дұрысы, сұлы. Шөптің ішінде жоңышқа. Атбе­гілердің бұрынғы тәжірибесін сүзсек, жоңышқа мен сұлы жылқыға таптырмайтын тамақ. Жемнің қысқы мөлшері мен жазғы мөлшері бірдей емес. Қақа­ған қыста бес кило жем берсең, жаздың қара қарғаның миы қайнайтын ыстығында үш кило молынан жетіп жатыр. Одан асып  кетсе, ат ауырлайды. Қазір жасыратыны жоқ, бәйге атын бидаймен жемдеп қосатындар да бар. Бұл жүйрікті құрту. Бидаймен жемдеген соң аяғына жем түсіп,  түкке жарамай қалады.

Ат жайын білемін дейтіндердің айту­­ынша, жыл сайын бәйгеге қосы­лып дағдыланған есті жануар жаз шы­­ғысымен өзін-өзі жаратады екен. Көкті талдап жеп, суды талғап ішеді. Үйірдегі жараған жүйріктің бір бел­гісі маңдайын күнге қаратып, күнді ба­ғумен болатындығы. Жіті­көз жара­ған жүй­рік­тің таңсәріде шығысқа, тал түсте оңтүс­тікке, күн ұясына батар­да батыс­қа қарап маңдайын күнге сүйгізіп тұ­ра­ты­нын аңғарар еді. Ат бап­таудың тағы бір құпиясы жылқы­ның мінезіне байланысты. Сабырлы аттарды бабына келтіру қиын. Есесіне мінезі жеңіл жылқылардың терін алу да, бабын табу да оңайырақ. Ат баптау, жүйрік жарату – жас сәбиді баққандай ересен ептілікті, айрықша нәзіктікті талап ете­тін бейнеті бесбатпан жұмыс. Сол бей­нетке төзу үшін атжанды, былайша айт­қанда, темірдей төзімді болуың керек.

Қазіргі күні жылқының ең жақсысы ағылшын тұқымдас жылқылар деген пікір қалыптасқан. Ағылшын жыл­қысының жақсы екендігін ешкім де жоққа шығармайды. Расында да, мықты жылқы. Түрікпеннің ақалтекесі де жақын қашықтыққа атқан оқтай зулайды. Ал қазақ жылқысының мінезі, бабы оларға қарағанда мүлде бөлек. Олай болатындығы, қазақ жылқысы үнемі табиғат аясында, кең далада жүргендіктен.

Аламанда ат бағының жануы ша­бандозға да байланысты. Бәйге жолында жүйріктің күшін үнемдеп, тілдесе білу өзгеше өнер. Құстай ұшып бара жатқан жүйріктің шабысын реттеу тек тәжірибемен ғана қалыптасатын машық. Кейбір балалар ат үстінде еркін отыра алмайды, қорқады. Аттың шабысына шыдамайды. Ал енді бір шабандоздар астындағы аттың шар­шағанына, шалдыққанына қарамай, далақтап шаба береді. Ақыр соңында бәйгеге қосқан атты түкке жаратпай тас­тайды. Сондықтан көп жай бәйге атына мінген балаға байланысты. Атпен бірге шабандозды да дайындаған ләзім. 

– Жүйрік жылқының жаратылысын талай даналар сипаттап жазып кеткен. Сол мұраны екшеп қарасаң, бәріне ортақ бір сипат бар, – дейді Ба­луан Шолақ атындағы Көкшетау бала­лар мен жасөспірімдер ұлттық спорт мектебінің әдіскері Оралбек Қай­санов, – жүйріктің басы қу бас, етсіз болу керек. Қамыс құлақ, бота көз, денесінің мейлінше төртпақ болға­ны жөн. Құйрық-жалы сұйық келсе тіпті жақсы. Қабырғалы, кеуделі, шоқ­тығының биік болуы жүйріктің мінсіз сипаты. Ертеректе ат сырын біле­тіндер осындай тұрқы бар ат қашса жеткізбейді, қуса құтқармайды деп бағалаған. Негізінде жүйрік ат­тың бақайы өте ұзын болмауы абзал. Бақайы деп ақ сүйегін айтамыз ғой. Ақ сүйегі ұзын аттар аяқтан тез қала­ды. Ал бақайы шымыр, қысқа жүй­ріктер шабысқа шыдамды келеді. Ат қарынды, қабырғалы болса, тіпті жақсы. Қазіргі күні кейбіреулер қамау терін аламыз деп моншаға да салып жүр. Біздіңше, ол дұрыс емес. Негізі жүйрік атты бір қалыпты ұстаған жөн. Жілік майын үзбесе әлді болады.

Ілкі заманнан бері қазақ пен жылқы егіз ұғымға айналып кеткен. Осы орай­дағы дәстүр сабақтастығы – халық­тың асыл мұрасы. Көне ғасырлар қой­науынан жеткен баға жетпес қазына түптеп келгенде, ұлт пен ұрпақтың рухани жады десе де боларлық. Ата-бабадан қалған салт-дәстүрімізді танып, әдет-ғұрпымызды ұлықтау біз үшін міндет.

 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

19.02.2019

Қарағандыда биыл қандай жолдар жөнделеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу