Шал ақынның бір күйі

Нұрқан нағашымның қо­лынан талай рет дәм таттым. Сырт­тай біртоға, қаталдау көрін­генімен, адамның көңілін қалдырмайтын. Жарықтық өте балажан еді. «Оу, жиен назары күшті, ренжітпеңдер, қазан көтеріңдер» деп мен келген сайын маңдайымнан иіскейтін. Оның үстіне «жігіттің жақсысы – нағашыдан» демекші, домбыра тарту өнері ол кісіден бізге де жұққандықтан, жанына ерекше тартатын.

Егемен Қазақстан
12.09.2018 3071
2

Ұмытпасам, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары болу керек. Бірде Сергеев ауданына (қазір Шал ақын) қарасты қазақ елді мекендерін аралап қайтуға бекіндім. Ондағы ойым – есімдері ұмытылып бара жатқан жергілікті күй­ші-композиторлардың шығар­маларын жинау, нотаға түсіру. Сапар барысында жолай наға­шым тұратын Кеңес ауылына соқтым. Хал-жағдайымды тәп­тіштеп сұрап болғаннан кейін әң­гіме ауаны күй, күйшілік жайына қарай ойысты. Бүгінгі жастардың домбыра қағысы өзге­шелеу. Бірақ араларында күйді бұзып тартатындары да кездеседі. Аға буын салып кеткен дәстүрге қиянат жа­сауға болмайды, дей келіп Тарғыл бұқаның «Шөккен нар», «Терісқақпай», «Көк жор­ға» күйлерін нақышына кел­тіріп орындап берді. Мен де на­ғашымның сүйіп тыңдайтын бір­неше күйлерін орындап, өз домбырамды ұсынып едім, ал­ғысы келмегендей тар­тын­шақтай берді. Сосын ме­селімді қайтарғысы келмеді білем, біраз шертіп отырды. Пернесі көп екен. Менің жуан саусақтарыма көне қоймас, деп қайтарып берді.

Мен де жиендік еркелік мінезіме басып, керексіз полутон пернелерін қысқартып, қайта ұсындым. Сол-ақ екен, мен естімеген бір күйді төгілдіре жөнелді. Көзімді жұмып, демімді ішке тартып, елтіп отырмын. Қос ішекті қара домбыраның қоңыр үнін тыңдай бергің келеді. Күйді аяқтап болған соң «Шал ақынның ар­науы» ғой деді елеусіздеу ғана. Шал деген есім болады екен-ау деген таңданысымды сезіп қойды білем, әңгіме айтар кездегі әдетімен бар денесімен маған бұрыла қарап, қаршадай Тілеукенің жасынан сөзге жүй­ріктігіне, шешендігіне, тілінің діл­марлығы мен табан асты айт­қыштығына қарап жеңгелері әжуалап «Шал» атап кеткенін түсіндірді. Күй ақылына ажары келіскен Күлім­жан есімді балдызына арналған деседі. Екеуінің өзара айтысын да білуші едім. Жастың ұлғайғаны, жадының кемігені ғой, ұмытыппын, деді.

«Шал ақынның арнауын» заматта үйреніп алғаныммен, араға жылдар салып нотаға түсірдім. Бозбаланың сұлу аруға деген ерек сезімін дом­быра үнімен жеткізе білген Шал Құлекеұлының Абылайдың замандасы, төкпе ақын екенін біліп келсек, енді күйшілік өнерін жаңа қырынан танытудың алғашқы тартуы болсын деген үмітпен шәкірттеріме үйретіп жүрмін. Өз өлеңдерін дом­быра­мен жырға қосқан ба­бамыздың күйшілік дарыны бір шығармамен ғана шектеліп қал­маса керек. Індете зерттей білсе, табылып қалуы ғажап емес.

 

Серікбай ҚҰСАЙЫНОВ, күйші

Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу