Сөз сойыл №66

Егемен Қазақстан
12.09.2018 11515
2

Бірде...

Бақытжан Момышұлы қысы-жазы темекісін балконға шығып тартатын. Гоголь көшесі жақтағы балконымыз тура аялдамаға қарайтындықтан таныстар қол бұлғап амандасып жатады. Бәкең шылымын асықпай шегіп, аялдамадағы келіп-кетіп жатқан жұртқа назарын салып тұратын. Кейде оқыс ойлар, жаңа идеялар сол балконда тұрғанда туындап та кетуші еді. Бір жолы әдеттегіден ұзағырақ тұрып қалған соң, салқын тиіп қалмасын деп мазасызданып мен де балконға шықтым.

– Әкесі-ау, неге сонша далаға телміріп тұрсың, суықтап қаласың ғой, үйге кірсеңші, – дедім.
– Неғып тұрушы едім, қыздардың аяғына қарап тұрмын, – дейді.
– Әй, Бәке-ай, сен аяғына қызыға­тын талшыбықтай бұралған, тал­жі­бектей таралған қыз көріп тұрғам жоқ, өңкей тыртиған, шалбар киген еркекшоралар, –дедім.

– Қайтейін енді, соған да қанағат еткен мен байғұстікі тек көзқуаныш қой, – деді мүсәпірсіп.
 Сен нағыз Дон Жуансың, бірақ заочник Дон Жуансың, –дедім қарап тұрмай.
– Зәке, абайла! Заочниктер де сессияға барады, – деді әлгінде ғана мүләйімсіп тұрған Бәкең дүр сілкініп.

*  *  *

Қазақ халқының аяулы қызы Шәмша Беркімбаева мен Бақытжан бірін-бірі ерекше ардақтап, бауыр-қарындастық қатынасқа қылау түсірмеген сыйлас жандар еді. Шәмша Бәкеңнің «Сыновья великого волка» деген кітабын оқып шыққан соң алған әсерін айта келіп:
– Бақыт, сен өте ақылдысың, бірақ соны жасырып барлық керемет ойларыңды кейіпкерлеріңнің аузына саласың, өзің тасада көрінбеуге тырысасың. Мына кітабыңдағы образы сомдалған адамдардың ірі тұлғалық дәрежеге көтерілгені – сенің мықтылығың! – деп бауырын аспандатып жатыр. 

Мақтау сөзге, қолпаштағанға өзінен-өзі ыңғайсызданып, қысылып қалатын әдетімен қарындасының сөзін бөліп:
– Шәмен-ау (еркелетіп осылай атайтын), мені «ақылды-ақылды» дейсің, ақылды болсам Зейнепке үйленер ме едім? – деп сөзді мен жаққа бұра салды.

*  *  *
Кіші немереміз Мадияр: «Әже, әже!» – деп мойнымнан құшақтап, бетімнен сүйіп жатыр.
– Бұл үйде мені Мадияр ғана осылай жақсы көреді, – дедім жүрегім елжіреп.
– Әжесі-ау, ол әлі кішкентай ғой, – дегені атасы маған қарап. 

Зейнеп АХМЕТОВА

АЛМАТЫ

Жаман иттің аты...

Оның аты «Бауыржан»
Батыр болсын деп қойған.
Мықты болсын дауылдан,
От пен суға бет қойған.
Бірақ енді сол бала,
Атына сай болмады.
Ұстатпай жүр қолға да,
«Атқан оғы» оңбады.
Орысшасын орғытып,
Қазақшаны қақпады.
Талай қызды қор тұтып,
«Түнгі клуб» баққаны.
Досты жауға қалдырды,
Қоян жүрек үргелек.
Жұмыста жоқ қаңғырды,
Мінез-құлқы бір бөлек.
«Оқимын да шетелде
Бір мамандық алам» деп
Лаң салды бекерге,
«Негр қызбен қалам» деп.
Ал әкесі артынан,
Алып келді шырылдап.
Өзгермепті қалпынан,
Баяғыша шыбындап.
«Банкир» болу арманы,
Санағыш-ақ ақшаны.
Майысып тұр бармағы,
Қаламайды басқаны.
«Бауыржанды кім?» – десең,
Кеудесін кеп ұрады.
«Дұрыс емес бұл десең»,
Қыстырмайды құлағы.
«Айфон» менен «интернет»
Айналып тұр «туысқа».
Бір дөкейді икемдеп,
Жүргізген-ді жұмысқа.
Міне осылай «батырың»
Ата-анаға жүк артты.
Ауру қылып ақырын,
Жүйкелерін жұқартты.
«Бар дегенін істеп ем,
Осы жалғыз баланың.
Мен ғой бармақ тістеген,
Шайқалып тұр шалабым...»
Деп әкесі күрсініп,
Бар байлығын тауысқан.
Ала-құла тіршілік,
Уайымға ауысқан.

                  *  *  *

Қашан келер ақылға
Бұл заманның «нояны».
«Жаман иттің атын да
Бөрібасар» деп қояды.

Әзірбайжан ҚОНАРБАЕВ
Маңғыстау облысы

Тікенек сөз

Біреудің сырын сақтап, ешкімге тіс жармауды үйренем дегенше тісі де түсіп бітеді екен ғой.
Қызық, осы өмірде адал болып, ғұмырдан кіршіксіз өтіп көз жұму үшін қанша қаражатты жымқырған дұрыс болар екен – ә?! 

Жұмыста бастықтың тапсырмасын жақсы орындайтын болсаң, ол үшін алатын сыйың – одан да көп тапсырмалар... 
Әйел деген әлсіз де қорғансыз жаратылыс. Иә, солай... бірақ оның құрығынан бірде бір еркек құтыла алмайды. 

Мен де бір топ құрсам

Қазақ деген өте дарынды, та­лантты халық қой. Әсіресе, біз­дің ауылдың адам­дарын айт­саңшы. Ауыл­дың іргесінен ағып жатқан Қу­сақ өзенінің бір қасиеті бар ма, жоқ әлде Аңқоймастың аңғарынан соққан желдің кереметі бар ма, кім білген, әйтеуір біздің ауылдың адамдары шетінен әнші. Бұрынғы өкімет тарап кеткен кезде алып қалған жер телімдерінің телім-телімі шығып, алабота мен қарақурай басып қараусыз қалғанына бірде бірінің мұрты қисаймайды. Себебі бәрінің де ән айтуға машықтанып, күніне екі, үш рет репетиция жасаудан қолы босаған емес. Оның үстіне әрқайсысы жеке-дара барылдамай, дарылдамай, үш-төрттен бірігіп әншілер тобын құрып алған. Топтасып ән салу дегеніңіз біреуінің дауысы шиқылдап, үні үңгірден шыққандай «үңірейіп» ән әуенін қажетті биікке көтере алмай бара жатса, екіншісі немесе үшіншісі қосыла кетіп, жымын білдірмей жіберуге таптырмайтын әдіс-айла екен. Мысалы, өзен жағасына жақын жерге орналасқан ұзын көшенің өнерпаздарынан құралған «Қусақ» тобының әншілерін алайық. Болашағынан көп үміт күттіретін айтулы да азулы топқа айналып келе жатыр. Неге десеңіз, оларға Қусақ өзенінің бойына салынған су диірмені бар Демесін деген мықты демеуші табылған. «Тоқпағы мықты болса – киіз қазық та жерге кіреді» дегендей, демеушісі мықты болған соң ауыл, аудан көлеміндегі «той», «шоу» дегендеріңіз «Қусақтың» әншілерінсіз өткен емес, өтпейді де!

Ал енді орталық көшенің төрт-бес әнқұмар «қуларынан» құралған «Құрсай» тобының да жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлықтай. Демеушісі – Текелі қаласының жай­ма базарын айналсоқтап шық­пайтын, не бірдеңе сатып, не сатып алып жүргені белгісіз Тұрсын-Әли деген апайтөс. Арғы көшеде – «Аңқоймас» тобы бар. Оған жұ­дырығы жуан Омар деген құж қара иелік етеді. Төменгі көшедегі «Мұр-Тұр» тобына ауылдағы жалғыз дүкен­нің иесі, ерлі-зайыпты Мұ­ратбек пен Тұратай демеуші еке­ні топтың атынан-ақ көрініп тұр. Тұйық көшедегі «Әктас» тобының «әншілеріне» қара тасты өртеп, әктас шығаратын екі пеші бар Қа­былтай атты алпауыт керек же­рінде «күйдіріп», керек десе «жан­­дырып» алуға дайын тұратын демеуші екенін айтпасақ та болар еді. Сонымен, біздің ауылда әншілер тобы көп те, айтылар ән мен әннің мәтіні жетіспей жатады. Сондықтан да әр әннің мәтінінен бір-бір жол алып, әне бір әннің әуеніне салып: «Махаббаттың құдірет күші әлдилеп, Шашына ақ бантик байлаған. Достар, достар, жүрсің қайда, Шаттық өмір, қызу еңбек қайнаған» деп, екі көзін жұмып алып соға береді. Сазгер-композитор дегеніңіз біздің ауылда болған емес. Аздап домбыра тыңқылдатып жүрген бір бала бар еді, «нота үйренуім керек» деп Жүргеновке оқуға кеткен жүгермек, сол кеткеннен мол кетті. Ән жоғы өз алдына, қолда бар әнді тыңдайтын құлақ та жоқ қой бізде.

Ауылдың ескі моншасынан «эс­трада» жасап алып, күнара концерт қойып жататын әншілер, өздері айтады, өздері тыңдайды... Жуан жұдырық Омардың орнатқан «тәртібімен» әр топтың ән салу реті мынадай: «Қызыл өрік» әнін айтуға әбден ма­шықтанып алған «Қусақ» тобының жеке дауыстағы атақты әншісіне «Әктас» тобының бір-екі, «Мұр-Тұр» тобының бір-екі әншісі қосылып, сахнаға қосақталып шығады да жарыса жамырай жөнеледі. Себебі бәрінің де той базардың хит әні – «Қызыл өрікті» айтқысы келеді... «Аңқоймас» тобының бетке ұстар әншісі Әуелбек: «Ауырмайды жүрек...» деп, бір әнді әуелете жөнелсе, сахнада қатар тұрған «Құрсай» тобының мүшелері: «...ауырмайд-ыыы...» деп ыңырси іліп ала жөнеледі. Иә-ә!.. Біздің ауылда сиыр сауылмайды... Оған бола, ауыл тұрғындарының «жүрегі ауырмайды»... Той болса болды...

Әйгілі сатирик Оспанхан ағамыз айтқандай: – «Ей, қымбатты досым, – деді, – Үштіктің бірі болып қосыл! – деді. Бүлкілдеп тұрса көмейім, Мақұл! – демей, не дейін», дегеннің кері кеп, әншілеріміздің ән айтқысы кеп, «көмейлері бүлкілдеп» тұрған соң не жорық, үшеуі, бесеуі бірігіп, бір әннің «бағын» ашады, кәдімгі шампанның «тығынын» ашқандай... Біздің ауылда құрылған «топтардың» рухани ұстазы да, тәлім алар тәрбиешісі де сол теледидар ғой... Теледидарда қаптап жүрген қазақтың «жұлдыз» әншілерінің шырқайтыны – қырғыз әндері мен өзбек ағайындардың мақам, ырғақтары... 

Бұдан бір ғасыр бұрын: «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай!» деп бір шетелдік саяхатшы қатты тамсанған екен... Бүгінгі күні ән салумен кімді таңғалдырасың? Қайта керісінше, егерде қазақтар бір күн, бір сағат ән айтпай, той тойламай, жаңадан тағы да бір топ құрылмай қалса, «Ойпырай-ә, бұл қазақтарға не боп қалды, неғып әндетпей қалды?!» – деп елегізіп, елеңдей бастайтын халге жеттік емес пе? Бізде, қазақтың шоу-эстрадасында халық әндерін өңдеп, бір шумағын мемлекеттік тілде, бір шумағын ресми тілде, енді бір шумағын халықаралық қатынас тілінде шырқайтын әншілер «тобы» жоқтың қасы десе де болғандай... Мына мен, құдай қаласа, ауылда сондай бір жаңа ағымдағы әншілер тобын құрып, шоу-бизнеспен айналыспақ ойым бар. Сондықтан да құрметті бауырым, «Қыран» тобының «хитында» айтылатындай бізден онша «Алыстама». Келістік пе?.. Шоуымыз шоуға ұлассын, ағайын!

Қыдыр БАЙДҮЙСЕНОВ

Алматы облысы,
Текелі қаласы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу