Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2018

Қазақстан ішкісириялық қақтығысты бейбіт жолмен шешуге үндейді

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тегеранда өткен Сирия қақтығысын реттеу бойынша Иран, Ресей және Түркия басшыларының үшжақты кездесуі Астана процесінің сириялық бейбіт үдерісіне, соның ішінде елдің саяси бірлігі мен тұтастығын сақтауға қатысты халықаралық іс-әрекеттерін үйлестірудегі оң рөлін көрсетті. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Қазақстан ішкісириялық қақтығысты бейбіт жолмен шешуге үндейді

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы ресейлік тараптың бастамасы бойынша Сириядағы ахуалға баса назар аударуына байланысты ұйымдастырылды. Кеңес мүшелерінен басқа аталған отырысқа Иран мен Түркияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері де қатысты.

Сессия барысында қазақстандық делегация басшысы әлемдік қауымдастық ішкісириялық қақтығысты тек қана бейбіт жолмен шешу, соғыс қираған елін қалпына келтіру және күрделі гуманитарлық жағдайды шешу үшін жағдай жасау мақсатында бірлескен күш-жігерді жұмсау керек екенін атап өтті. «Біз сондай-ақ көптеген сириялық босқындардың қайтарылуына жағдай жасауымыз керек. Осыған орай сириялық босқындар бойынша халықаралық конференцияны ұйымдастыру туралы идеясы проблеманы шешудегі алғашқы қадам бола алады», - деп айтты Қ. Омаров.

Сириядағы жағдай туралы айта отырып, Қазақстан Елшісі Астана процесінің кепіл-елдерінің «ДАИШ», «Ан-Нусра майданы» және «Әл-Каида» деген террористік топтарына қарсы күрестегі ынтымақтастығының маңыздылығын, сондай-ақ атыс тоқтату режиміне қатысатын қарулы оппозициялық топтарын террористерден айырылудың өзектілігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, елші саяси процесі үшін жаңа мүмкіндіктер тудыратын Идлибдегі атысты тоқтатуын қанағаттанушылықпен атап өтті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қазақстан өткір халықаралық мәселелерді құрметтеу, сенімділік және сындарлы ынтымақтастық негізінде ғана шеше алатынын тағы да растады.

Иран, Ресей және Түркияның Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға және азаматтық тұлғаларды қорғауға, соның ішінде Сирия экономикасын және инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ маңызды әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берілді.