Абыралы өңірі 90 жылдығын атап өтті

Баянауыл, Қызылтау,

Абыралы, Шыңғыстау,

Қозы Маңырақ, қой Маңырақ,

Арасы толған көп қалмақ.

Егемен Қазақстан
12.09.2018 7110
2

Қалмақты қуып қашырдық,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай таудан асырдық.

Ақ Шәуліге қос тігіп,

Ауыр қол жинап алдырдық,

Қалмаққа ойран салдырдық.

Қабанбай мен Бөгенбай,

Арғын менен Найманға

Қоныс қылып қалдырдық.

Атақты Үмбетей жырау Бөгенбай батырға арнаған мадақ жырында Абыралыны да жырға қосады. Мұның өзі шежірелі, шерлі өлке Абыралы тарихының әріде жатқанын анық аңғартса керек.

27 жылдан кейін жаңғырған бағдартас

Биыл елімізде көптеген аудандар ірге көтергендеріне 90 жыл толған мерейтойларын атап өтіп жатқаны белгілі. 1928 жылы өзге де аудандармен қатар Абыралы ауданы да құрылып, Қарқаралы уезіне қарасты 9 болыстың (Темірші, Абыралы, Ақбота, Бөрілі, Дегелең, Қу, Сартау, Арқалық, Едірей) құрамына енгені, сол кездегі тұрғындар саны 51 мың адам болғаны тарихи деректерден мәлім. 1930 жылы Қу, Сартау, Арқалық және Едірей болыстары ауданнан бөлініп, Қу ауданы ұйымдастырылған-ды. 1947 жылы КСРО басшылығының құпия бұйрығымен Абыралы аумағына әскери полигон орналастырылып, ауданның 445 мың гектар жері әскерилердің қарамағына беріліп, 1949 жылы 29 тамызда тұңғыш атом бомбасы сынақтан өткізілген еді.

Бәрінен де сұмдығы, 1953 жылы 12 тамызда алғашқы сутегі бомбасы жер үстінде, ауада жарылды. Жалпы, 1949-1991 жылдар аралығында Семей полигонында 470 жарылыс (оның 87-сі ауада, 26-сы жер бетінде, қалғандары жер астында) жасалыпты. Зардабы аса жойқын сутегі бомбасы жарылғаннан кейін, яғни 1954 жылы Абыралының Дегелең мен Мыржық атырабындағы шаруашылықтары Абай мен Жарма аудандарына көшіріліп, 1955 жылы 22 қаңтарда аудан таратылып, ауданның көп бөлігі Қарағанды облысының Егіндібұлақ және Қарқаралы аудандарына беріліп, аудан орталығы – Қайнар елді мекендерімен бірге Абай ауданына қосылған болатын. Арада жылжып 35 жыл өткеннен кейін, 1990 жылы 16 желтоқсанда Абыралы ауданы қайта еңсе тіктеп, 1997 жылы қайтадан жабылған еді. Бүгінде Семей қаласына қарайтын Абыралы өңірінің аудан болып құрылу тарихы қысқаша осындай.

Абыралы – ақындар мен батырлардың, ғалымдар мен өнерпаздардың елі.  Әріден тартсақ, қобызға үн қосқан атақты Жанақ ақын, елдің шетін жаудан қорғаған Әлі, Шыңқожа, Қалыбай, Орал, Алтай, Майлы, Жапалақ, Олжашы батырлар, беріден қайырсақ, әйгілі әнші Әміре Қашаубаев, Бибігүл Төлегенова, алаш қайраткерлері Халел Ғаббасов, Мәнан Тұрғанбаев, тілші-ғалым Ахмеди Ысқақов, көрнекті физик Жабағы Тәкібаев, генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаев, қаржыгер Рымбек Байсейітов, ғалым Рымғали Нұрғали, арынды ақын Төлеужан Ысмайылов, Кәшаф Туғанбаев, жазушы Сапарғали Бегалин осы киелі топырақта дүние есігін ашқаны баршаға аян.

Осындай шоғырлы таланттарды тудырған Абыралы өңірінің 90 жылдық мерейтойына орай бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Мерейтойлық шаралар легі «Семей-Қайнар» тас жолында, Шаған өзенінің бойында орналасқан Абыралы өңірінің территориясы басталатын жерді анықтайтын бағдар-белгі тастың жаңартылған нұсқасының ашылу салтанатынан басталды. «Абыралы өңірі» деп латын қарпінде жазылған, алыстан менмұндалап көзге түсетін биіктігі 7 метрлік туындыны қайнарлық суретші Талғат Әлібаев жасап шығыпты. Белгі тастың бір ерекшелігі, габро тасқа 1928-1954 жылдардағы Абыралы ауданының картасы мен сол кездегі, бүгінде ұмытыла бастаған жер-су аттарының қашалып жазылғандығы. «Бұл тақтатасқа өскелең ұрпақ біліп жүрсін деп полигон зардабынан жойылып кеткен, сынақ полигоны жерінде қалып қойған ата-бабаларымыздың шұрайлы қоныстарын, жер-су, өзен-көлдердің атауларын жаздық. Кезінде қалың ел жайлаған ауылдардың орнында қазір үйінді ғана жатыр. Тақтатастағы «Ескі жол» деген жазуға назар аударсаңыздар, Тасбасқан, Тайлан, Еңбектес, Ұзынбұлақ деген елді мекен аттарын көресіздер. «Ескі жол» бұрын төте жол болған. Біздің әкелеріміз, аталарымыз осы жолмен кіре тартып, осы жолмен жүрген. Осы жолда маңдайының тері, табанының ізі қалған. Міне, Дегелең тауы. Мына жерден 60 шақырым. Жарылыстың бәрі осы тауда жүргізілген. Жалпы сол кездері Абыралы ауданының жер көлемі 1 миллион 617 мың гектар болған екен», - дейді тақтатасты жұртшылыққа таныстырған «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры директорының кеңесшісі Сүлеймен Медеуов.

Шырақбек Қабылбаев – Қайнар төрінде

Биыл – қылышынан қан тамған Кеңес заманында екі мәрте Қазақ КСР-інің Ішкі істер министрі болған, қазақтан шыққан тұңғыш милиция-генералы, мемлекет және қоғам қайраткері Шырақбек Қабылбаевтың дүниеге келгеніне 110 жыл. Қайнар ауылының іргесіндегі Қарашоқы деген жерде өмір есігін ашқан болашақ министр 9 сыныптан соң Семейдегі педагогикалық техникумда алаш ардақтылары Мұхтар Әуезов пен Әбікей Сәтбаевтан дәріс алады. Алайда кейін бағытын басқа салаға бұрып, Қазақ КСР Ішкі істер ұлттық комитетінің басқармасында, Қазақ КСР Компартиясының орталық комитетінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарып, 1954 жылы Қазақ КСР Ішкі істер министрі болып тағайындалады. Бұл қызметке келгеннен соң оған әуелі ішкі қызмет полковнигі, 1955 жылдың шілде айында генерал-майор атағы беріледі.

Абыралының 90 жылдық мерейтойы аясында тұлғаға Қайнар ауылындағы Мәдениет үйінің алдындағы Әміре Қашаубаев, Төлеужан Ысмайылов, Сапарғали Бегалин, Рымбек Байсейітовтің кеуде мүсіндері орнатылған алаңқайға бюсті қойылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына қоғам қайраткерінің көзін көріп, тәрбиесін алған үш бірдей генерал (Рүстем Қайдаров - республикалық генералдар кеңесінің төрағасы, Өмірзақ Болсамбеков - Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер ардагерлері кеңесінің төрағасы, Темірхан Дуабеков - Павлодар облысы бойынша Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы) қатысып, ұстаздарын тебірене еске алып, толқып тұрып естелік айтты. «Бүгін Қазақстанның 126 генералы үшін, еліміз үшін елеулі күн. Қасиетті топырақта дүниеге келіп, қылышынан қан тамған қоғамда ұлт үшін аянбай еңбек еткен қайраткер, қазақ ұлдарының арасынан шыққан генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың өмір жолына мән берген адам үлкен ұлағатты байқайды. Жауапты кезеңдерде қалай шешім қабылдап, қалай әрекет етудің кесімді үлгілерін көреді. Ұлт жанашыры Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің хатшысы Жұмабай Шаяхметовтің көмекшісі болып та жұмыс істеді.

Ол уақытта саяси қызметке ұлттық кадрларды жұмысқа алу жоқтың қасы еді. 1959 жылы Теміртаудағы жұмысшылардың жаппай көтерілісі кезінде Шырақбек Қабылбаев Ішкі істер министрі қызметінде болатын. КСРО басшылығы оны жазықсыз жазғырып, қызметінен шеттетті. Нақтырақ айтсақ, Шырақбек ағамызға шүйліккен Хрущев  еді. Алайда жалған жалаға мойымаған қайраткер 1967 жылы Ішкі істер министрі лауазымына қайта оралып, 12 жыл бойы абыроймен атқарады. Оны қойған Л.Брежнев болатын.  Шырақбек Қабылбаев түрлі лауазымды қызметтер атқарса да өзі туып-өскен жерін, сол жердің азаматтарын үнемі қолдап-қоштап жүрді. Ұлттық өнердің жанашырына айналды. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің домбырасын сақтап, дәстүрлі әнші Жәнібек Кәрменовті Абай ауданына барғанда көріп, әнін тыңдап, Алматыға алдырып, Қазақ КСР-і Ішкі істер министрлігі жанындағы ансамбльге қабылдатып, үш бөлмелі пәтер алып бергені сөзімізге дәлел. Бүгін Ш.Қабылбаевтың бюстінің ашылуына келіп тұрған үш генерал да сол кісінің қол астында жұмыс істедік. Тойларыңыз құтты болсын. Қасиетті Абыралы асқақтай берсін», - деді өзінің құттықтау сөзінде Рүстем Қайдаров.

Реті келгенде айта кетейік, кеуде мүсіннің авторы – саржалдық мүсінші Ертіс Тәтиев.

Бес науқанды бастан кешкен өңір

Мерейтойлық шаралар бұдан әрі Қайнар ауылындағы Мәдениет үйінде  «Абыралы - Сарыарқаның кіндігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты. Конференцияда Абыралы өңірінің тумалары – жазушы Медеу Сәрсеке, белгілі тарихшы-мұрағатшы Болатбек Нәсенов, академик Асқарбек Құсайынов, ақын, ғалым Бауыржан Жақып 42 жыл полигоннан қасірет шеккен аймақтың арғы-бергі тарихына үңіліп, құнды баяндамалар жасады. Тағылымды шара Абыралы өңірінің 90 жылдығын елеусіз, ескерусіз қалдырмай атап өтуге мұрындық болған, «Семей-Қайнар» тас жолына қойылған бағдар-белгі тастың және Шырақбек Қабылбаевтың кеуде мүсінінің ашылуына қаржылай қолдау көрсеткен «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Марат Құрманбайдың құттықтау сөзімен ашылды. «Туған жерге туыңды тік» деп дана халқымыз бекерге айтпаған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы шынымен де толағай істерге бастама болды. Мемлекет басшысы аталған мақалада «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», - деп жазған еді. Олай болса, өткен тарихымызды танып-білуде атқарар шаруа жетерлік. Әсіресе, алдыңғы толқын біздердің өскелең ұрпаққа мирас етіп қалдырар ізіміз, үлгі-өнегеміз болуы керек. Ата-бабадан қалған мұраны қастерлеу – жастардың парызы. Биыл ата-бабаларымыздың ізі қалған атамекеніміз - Абыралы ауданының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Сонау 1928 жылы іргесі қаланған өңірдің тойы - баршамызға ортақ. Бүгінгі таңда еліміздің жер-жерінде әр ауданның, ауылдың құрылған күндері кеңінен аталып өтіп, халықтық мерекеге айналып жатыр. Қазір Абыралы ауданы жоқ болғанымен, ұрпақтар сабақтастығы бар, осы өңірдің туын көтеріп жүрген азаматтары бар. Ертеңге үмітпен қарайтын халық тіршілігін жасап, ел қатарлы өмір сүруде», деді М.Құрманбай.

Конференцияда ең бірінші болып сөз алған Медеу Сәрсеке Абыралының 1928 жылы аудан болып құрылған кездегі, кейінгі аштық, одан соңғы полигон сынағы зардаптарына кеңінен тоқталды. «Абыралы 1928 жылы аудан болып құрылған кезде 28 мың 811 адам болған екен. Одан кейін колхоздастыру болды, 32 жылғы аштық, халық жауларын іздеу науқаны басталды. Соның кесірінен 1939-1940 жылдары ауданда небары 4 мыңға жетер-жетпес адам қалған. Ол халық қайда кетті? Менің есебімше, жаяу-жалпылы Семейге, Аягөзге, Қарағандыға шұбырып, жолшыбай аштан өліп, қардың астында қалған. Солардың көп болса 5 проценті Сібір өңіріне жетіп, артынан елге қайтты. 41-де соғыс басталып, Абыралыдан 1300-ге таяу адам соғысқа кетті. Оның 830-ы соғыстан қайтпады. 1947 жылы біздің сорымызға Дегелеңге әскер келді, 1949 жылы 29 тамызда бірінші атом бомбасы жасалды. 1953 жылы сутегі бомбасы жарылды. Міне, Абыралының бастан кешкен 5 науқаны – осы», деді жазушы.

Ресей мен еліміздің қаншама мұрағаттарында қанша жылын өткізген, 28 том кітап шығарған, тек дерекпен ғана сөйлейтін тарихшы, мұрағатшы Болатбек Нәсенов «Совет заманында қазақ көп жақсылық көрген жоқ. Сондықтан мен Совет заманына дейінгі патша заманына, Абылай хан заманына кішкене шолу жасайын» деп Абыралының әрідегі тарихына үңілді. «Абылай хан заманында қазақ халқы еркін тұрған. Салық болмаған. Халық малын өсірген, өз еркімен өмір сүрген. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деуге болады. Патша өкіметінің алғашқы 30-40 жылында халықтың тұрмысы жақсы болған.

Ал Абыралыға келсек, қазақ жеріндегі ең бай өңірдің бірі болған. Мал жағынан да, жан жағынан  да. Архивтен мынадай деректерді таптым. Әуелі халық санына тоқталайын. 1838 жылы Абыралы өңіріндегі Жалықпас болысында 640, Шаншар болысында 2468, Тарақты болысында 472, Байбөрі болысында 2080, Қарауыл-Қамбар болысында 2210 түтін болған. Мал санына келсек, Қарауыл-Қамбарда жылқы 9894, сиыр 4502, қой 48 281, Тарақтыда жылқы 4256, сиыр 3141, қой 27 895, Жалықпаста  жылқы 11 495, сиыр 5352, қой 82 400, Байбөріде жылқы 28 111, сиыр 9913, қой 155 841, Шаншарда  жылқы 50 356, сиыр 17 868, қой 272 680 болыпты. Ал Қарқаралы уезінде жылқы 170 769, сиыр 101 776, қой 1 миллион, 548 мың, Көкшетау уезінде жылқы 188 966, сиыр 112 762, қой 307 995, Ақмола уезінде жылқы 11384, сиыр 3914, қой 31 993 болған екен. Бірақ 1856 жылдан бастап, мал саны екі-үш есеге азайған», - дейді тарихшы.

Академик Асқарбек Құсайынов конференцияда бір мәрте ашылып, екі мәрте жабылған Абыралы өңірінің халқының әлеуметтік жағдайын көтеруге байланысты Қайнар мектебін осыдан 50 жыл бұрын бітірген түлектердің айтқан ұсынысын жеткізді. «Біз аздап зерттеу жүргіздік. Бүгінгі күнде Абыралы өңіріндегі 5 ауылдық округте (Қараөлең, Абыралы, Алғабас, Ақбұлақ, Айнабұлақ) 27 мыңдай қой-ешкі, 17 мыңнан астам сиыр, 15 мыңнан астам жылқы малы бар екен. Біздің ауыл мамандарымен бірге жасаған есебіміз бойынша жоғарыда айтылған малдардан жыл бойы орта есеппен ай сайын 20 тонна сүт, 12 тонна ет, 7 тонна қымыз өндіруге болады.

Бұл - Абыралы өңірінің мүмкіндігі. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін кішірек сүт зауыты мен шағын ет комбинаты салынуы керек. Қайнарда кішірек сүт зауыты мен шағын ет комбинаты салынатын болса, халықтың мал басын арттыруға ниеті арта түсер еді. Бұл өз кезегінде Абыралы өңірінің 5 округінде тұратын 3,5 мыңнан аса халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, жаңа инновациялық технологияларды пайдалануына, жас мамандар тартуларына, сонымен бірге Курчатов, Семей қалалары тұрғындарын арзан, экологиялық таза ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді», - дейді ғалым.

Конференция барысында Абыралы өңірінің 90 жылдығына орай жарық көрген «Атыңнан айналайын, Абыралым» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың редакторлығымен, белгілі ақын, ғалым Бауыржан Жақыптың құрастыруымен жарық көрген кітапта Абыралы атырабының арғы-бергі тарихы, көрген қасіреті, даңқты тұлғалары жайында құнды мәліметтер мол. Кітап «Абыралының ертедегі тарихы», «Абай заманындағы Абыралы», «ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Абыралы азаматтары», «Колхоздастыру кезеңіндегі зорлық-зомбылықтар. Абыралы көтерілісі», «1939-1954 жылдардағы Абыралы ауданы», «Семей полигоны. Қайнар қасіреті», «Абыралы өңірі Тәуелсіздік жылдарында», «Абыралының абзал азаматтары», «Абыралы өңірі туралы ықшамдалған энциклопедия», «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры» деп аталатын 10 бөлімнен тұрады.

Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып конференцияда ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов  пен  Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің құттықтау хатын жиналған жұртшылыққа оқып беріп, шараны туған топырағы – Абыралы жайындағы жыр жолдарымен түйіндеді. Сонымен қатар шара соңында «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының президенті Марат Құрманбай бір топ абыралылықтарға әйгілі әнші Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы құрметіне шығарылған мерейтойлық медалдарды табыс етті.

Конференция аяқталған соң Қайнар ауылындағы мешітте Шырақбек Қабылбаевтың және Абыралы өңірінің өмірден өткен азаматтарына қатым түсіріліп, ас берілді. Тоқсан жылдық той ауыл сыртындағы тау бөктерінде тай, құнан, ат жарысы, қой көтеру, жаяу жарыс сынды ұлттық ойындармен жалғасты. 

Түйін

Көңілді бір қынжылтқаны – Абыралы өңірінің 90 жылдығына Семей мен Өскеменнің атқарушы билік өкілдерінің жөнді көңіл бөлмегендігі. Облыс орталығының атқамінерлерінен бірде-бір адамды көрмедік. Ал Семейдің әкімі мен оның орынбасары Надежда Шарова қалаға қарасты өңірдің мерейтойына неге келмегені түсініксіз. «Ұят болмасын» деді ме, әйтеуір қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжоловты Абыралыға жіберіпті. Десек те соған қарамастан өңірдің 90 жылдығы «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының тікелей қолдауымен және жергілікті азаматтардың жұдырықтай жұмылуының арқасында жоғары деңгейде өтті.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы,

Қайнар ауылы

Суреттерді түсірген автор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Құнарсыз тағам аурушаңдыққа жол ашады

16.01.2019

Кеше - Цой, бүгін - Гагарин

16.01.2019

Поэзия

16.01.2019

Браконьерлермен күрескен инспектор Ерлан Нұрғалиев қаза тапты

16.01.2019

Қазақтың қара есептері

16.01.2019

Бір университетте - сегіз жеңімпаз

16.01.2019

«Мұғалім мәртебесі» заңына қатысты 8 мыңнан астам ұсыныс түскен

16.01.2019

Білім мен руханият ордасы

16.01.2019

Жас мамандар Балқашқа келіп, баспаналы болды

16.01.2019

Дәрі-дәрмек бағасы реттеледі

16.01.2019

Медициналық туризмді дамытуға үлес қоспақ

16.01.2019

Енді дәрігер «қағазсыз» емдейді

16.01.2019

Саланы ілгерілетудің соны мүмкіндіктері

16.01.2019

Түркістанның (Шауғар, Ясы) ортағасырлық кемеңгер перзенттері жайлы жаңа деректер

16.01.2019

Ескі тарихтың жаңаша жазылуы

16.01.2019

Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті

16.01.2019

Bas paıda algorıtmi

16.01.2019

Электронды қызмет – заманауи міндет

16.01.2019

Өмірдегі орны бөлек еді

16.01.2019

Қазақстанда баспасөздің міндеті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ataý men aqaý

Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу