Алматыда төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильиннің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттар ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
12.09.2018 5383
2

Үйлестіру кеңесінің отырысына Армения Республикасының ТЖ министрі Г.Д. Ростомян, Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары А.Ф. Худолеев, Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары К.О. Ахматов, Ресей Федерациясы ТЖ министрінің орынбасары П.Ф. Барышев, Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары М.М. Салимзода, ҰҚШҰ хатшылығы бас хатшысының орынбасары В.А. Семериков, сондай-ақ Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Өңірлік өкілдігінің Басшысы Жан-Жером Касабьянка, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Ресей Федерациясы, Беларусь және Молдовадағы Өңірлік делегациялары Қару-жарақ қаупіне қарсы күрес бөлімінің офицері  А. Мельников, Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының бас директоры Е.Т. Дакебаева, Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығының директоры В.В. Петров қатысты.

Отырыс барысында ҰҚШҰ ТЖҮК-ның төрағасы Ю.В. Ильин қатысушыларды бір жыл ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құзыретті органдарының төтенше жағдайлардың уақытылы алдын алу және олардың салдарын жоюдың тиімді жүйесін жасауға бағытталған бірлескен қызметтің үйлестіру механизмдерін қалыптастыру жөніндегі күштерін біріктіру бойынша атқарылған жұмысы туралы айтты.

2018 жылға арналған оқу-жаттығулар мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының өзара іс-әрекеттерін пысықтау бойынша басқа бірлескен іс-шаралар жоспарлары ойдағыдай іске асырылып жатқаны туралы баяндалды.

2018 жылғы 15-16 наурызда Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің жанындағы жұмыс тобының отырысы өтті.

2018 жылғы 15-16 мамырда Ереван қаласында (Армения Республикасы) ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің Арнайы бағыттағы күштері құрамаларының құрамына бөлінген ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдар бөлімшелерінің командалық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді.

2018 жылғы 19-20 маусымда Алматы қаласында «Скала-2018» ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құтқару құрамаларының тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Осы іс-шара алдағы оқу-жаттығуға дайындық кезінде маңызды және тиімді болып табылатынын атап өткен жөн.

2018 жылғы 11-20 шілдеде Беларусь Республикасы ТЖМ Гомель инженерлік институты және Командалық-инженерлік институты жанындағы лицей базасында ХVІ Халықаралық жас құтқарушылар-өрт сөндірушілер слеті өтті.

2018 жылғы 10-11 қыркүйекте ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің арнайы мақсаттағы күштер құралымдарының құрамына бөлінген ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдары бөлімшелерімен «Скала-2018»  III арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

ҰҚШҰ ҰҚК 2017 жылғы қарашада өткен сессиясының шешімін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын және ұйымға төрағалығы кезеңінде Қазақстан Республикасы ұсынған басымдықтарды орындау жұмыстары жүргізіледі. Төтенше жағдайларда зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың әлеуетін пайдалану мақсатында олармен ынтымақтастық кеңейтілуде.

Отырыста төтенше жағдайларда зардап шеккен адамдарға көмек көрсету кезінде халықаралық ұйымдардың әлеуетін пайдалану, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдардың бөлімшелерімен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін кадрларды даярлайтын базалық оқу орындарының қызметі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасау, «ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайларға ден қоюы туралы» ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 14 қазандағы шешімінің орындалуын ұйымдастыру, Армения Республикасы аумағында ресей-армян гуманитарлық ден қою орталығын құру процессі мақсатында олармен одан арғы ынтымақтастық мәселелері және басқа мәселелер қаралды.  

Іс-шара төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің қорытынды құжаттарына қол қойылды. Отырыс қорытындысы бойынша  ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесі он бірінші отырысының хаттамасы қабылданды, онда барлық қабылданған шешімдер жазылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2019

«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті

21.01.2019

Азамат Мұқанов дзюдодан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу