Парламент • 14 Қыркүйек, 2018

Сенат Төрағасы АҚШ елшісімен кездесті

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролды оның дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат Төрағасы АҚШ елшісімен кездесті

Қ.Тоқаев америкалық ел­ші­нің екіжақты қатынастарды да­мытудағы елеулі үлесіне тоқтала келіп, Мемлекет басшысы Н.На­зар­баевтың Вашингтонға биылғы қаңтардағы ресми са­п­а­рының тарихи маңызын атап өтті. «Қазақстан мен АҚШ арасындағы ХХІ ғасырдағы кеңейтілген стра­тегиялық әріптестік туралы бір­лескен мәлімдеме» Президент Д.Трамппен келіссөздердің аса маңызды нәтижесі болды.

Парламентаралық байланыс­тарды одан әрі дамытудың маңызы туралы айта келіп, жүз­де­сушілер парламентаралық ынты­мақ­тастықты одан әрі нығайту қажет­тігін атап өтті. «Америкалық сена­торлар, конгресшілер мен Пар­ламент Аппараттарының қыз­мет­керлері көбірек келген сайын АҚШ Қазақстан туралы, біздің еліміздің ішкі және сыртқы саясаты туралы көбірек біле түсетін болады», деді Қ.Тоқаев. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің стратегиялық сипаты Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті нығайтудың маңызды бөлігі еке­нін атап өтті.

Қ.Тоқаев халықаралық ахуал­дың ушыға түсуіне орай Қаза­қ­стан көшбасшысының шиеле­ністі шешуге әзірлігін атап өтті. Се­нат Төрағасының айтуынша, бей­бітшілік, қауіпсіздік, қарусыздану жолындағы ынтымақтастықты нығайту саясаты қағидалық тұр­ғыда дәйектілікпен, батыл түрде жүргізіле береді.