Жазғы спорт • 14 Қыркүйек, 2018

Ел чемпиондары анықталды

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Махматма Ганди атындағы саябақта жағажай волей­болынан Қазақстан чемпионаты аяқталды. 22 мәрте жалауы желбіреген жарыста Алматы, Талдықорған және Ақтау қалаларынан келген 16 ерлер және 9 әйелдер командалары қатысты.

Ел чемпиондары анықталды

Ерлер арасындағы жарыстың финалдық сайысында алматылық қос ұжым «Буревестник-1» және «Буревестник-2» клубтары бас жүл­дені өзара сарапқа салды. Барша кө­рермен назарын өзіне аударған аса шиеленісті айқас алғашқыларының пайдасына шешілді. Осылайша құрамында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко сын­ды әккі ойыншылары бар «Буревестник-1» ұжы­мы чемпион­дық атақтарын тағы бір мәрте сәтті қорғады. Алма­ты­лық Дмитрий Яковлев пен Сергей Бо­гату жұбы күміс медальді иеленсе, ақ­таулық Алексей Кулешов пен Алек­сандр Бабичевке арқа сүйеген «Кас­пий» командасы қолаға қол созды.

Әйелдер сайысында Тал­ды­қорғанның «Жетісуы» же­ңімпаз атанды. Халықаралық аренада мол тәжірибе жиған Татьяна Машкова мен Ирина Цим­балова жұбы жарыс барысында барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа та­ғынды. Екінші және үшінші орындар­да – Ақ­таудың «Кас­пий» (Бақтыгүл Сама­ликова, Анас­тасия Уко­лова) және Ал­ма­­тының «Алматы ВК» (Таң­­сұлу Қайырбекова, Мадина Өтеу­­лина) клубтары.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»