Бақытжан Сағынтаев Екібастұздағы көмір өнеркәсібі кәсіпорнына барды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі еліміздің өңірлерін жұмыс сапарымен аралап жүр. Бүгін Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына келді, онда облыс жұртшылығымен және активімен өтетін кездесулер барысында өңірде өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызметтердің сапасын арттыру шаралары мен өзекті мәселелер талқыланады.

Егемен Қазақстан
14.09.2018 2465
2

Сонымен қатар, сапар барысында бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылым нысандарын аралау көзделген. Премьер-Министр олардың мысалында Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары, «Бес әлеуметтік бастамасы», сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында алға қойған міндеттерінің орындалу барысымен танысады.

Жалпы өңір бойынша жұмыс сапары Екібастұз қаласынан басталды. Мұнда Премьер-Министр «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (ERG) құрамына кіретін «Восточный» көмір разрезін аралау барысында өңірдің 2018/19 жж. жылыту маусымына дайындығымен танысты.  

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ. Жазылбек осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша көмір өндіру көлемінің 3,5%-ға өскені байқалатынын айтты. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының қажеттіліктеріне жұмсалатын көмір қоры шамамен 120 000 тоннаны құрайды. Облыстың қалалары мен аудандарының отын базаларында халыққа арналған шамамен 18 000 тонна көмір бар. Қазіргі таңда облыста көмір тапшылығы байқалмайды, көмір — еркін сатылымда. Халыққа көмір жеткізумен 300-ден астам жеке кәсіпкер айналысады. Жеткізу алшақтығына, түріне және сұрыпына қарай көмірдің бөлшек құны бір тоннасына 6700 теңгеден 17000 теңгеге дейін, соның ішінде тасты түрі тоннасына 6700–10 500 тг аралығында және қоңыр көмір 11 500–17 000 теңгеге дейінгі аралықта сатылады.

Әлеуметтік саланың қазандық нысандарына қалалар мен аудандардың әкімдіктерінің бюджеттерінде 183,3 мың тонна көлемінде қатты отынды сатып алуға 1,376 млрд теңге сомасында қаражат қарастырылған. Бүгінгі таңда тұтыну орындарына 176 мың тонна жеткізілді. 20 орталық қазандыққа 47,7 мың тонна көмір жеткізілді. Көмірді жеткізу жұмыстары кестеге сәйкес орындалып жатыр.

Нысанды тексеру барысында «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ президенті В. Гриненко Қазақстанда өндірілетін энергетикалық көмірдің 20%-ға жуығы «Восточный» көмір разрезінің үлесіне тиесілі екенін жеткізді. Мұнда әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет шектеулі көлденең қуаты бар көмір қабаттарының еңіс жайғасуы кезінде үстіңгі технологиялық кешенге конвейерлік көлікпен көмірді өндірудің толассыз технологиясы жобаланып, енгізілді. Көмір өндірумен қатар, оны тұтынушыларға жібергенге дейін ол өңдеуден өтеді.

Бақытжан Сағынтаев өндірістік процестің технологиялық желісімен танысып, елімізде теңдесі жоқ жаңа өнеркәсіптік нысанды — жылына 10 млн м3 аршыма тау жыныстары қуатымен циклді-толассыз аршыма тау жыныстары кешені жобасын іске қосты. Оны пайдалануға беру еңбек өнімділігін арттырады, көмір қабаттарының ашылуын қамтамасыз етеді және қазу жұмыстарына дайын көмірдің көлемін едәуір арттырады, ал соның нәтижесінде көмір кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігі артады.

«Біз биыл 18 млн тонна қатты отын өндіруді көздеп отырмыз, бұл 2017 жылы тұтынушыларға жеткізілген көлемнен бір млн тоннаға артық. Көмір қазу жұмыстары өнімділігі жоғары заманауи машиналар арқылы іске асырылып жатыр. Өндірісті технологиялық жарақтандыру деңгейі жыл сайын артып келеді, ал бұл өндірілетін көмір сапасын арттыруға және еңбек қауіпсіздігі деңгейін жақсартуға жол ашады», — деді В. Гриненко.

Екінші кезеңнің құрылысын алдағы бірнеше жылда жүргізу жоспарланып отыр, құрылыстың соңғы үшінші кезеңі жылына 20 млн м3 жылдық өнімділікке қол жеткізумен 2027 жылға ауыстырылды. Іс жүзінде барлық жұмыстарды отандық мердігер ұйымдар және ЕЭК қызметкерлері орындады. Барлығы 300-ден астам адам тартылды.

Айта кету керек, жоба экологиялық таза технологияларды енгізуді, басқаруды автоматтандыруды кеңейтуді, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды және табиғатты қорғау шараларының тиімділігін арттыруды көздейді.

Өз кезегінде «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-ның бас директоры М. Әбішев биыл қуаты 325 МВт болатын №5 энергетикалық блок іске қосылатынын хабарлады. Бүгінде 5 энергетикалық блок пен жалпы қуаттылығы 2105 МВт болатын 2 турбина жаңғыртылған. 2024 жылы «Екібастұз МАЭС-1» барлық 8 энергетикалық блогын жобалық қуатына қоспақ.  

Облыс әкімдігінің мәліметіне қарағанда, өңірдің энергетикалық кешені жалпы қуаттылығы 8 400 МВт болатын 7 жылу электр станциясынан тұрады. 2017 жылы энергия көздерімен 41,35 млрд кВтс электр қуаты өндірілген. Биылғы 8 айда бұл көрсеткіш 30,5 млрд кВтс көрсетті, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,4%ды құрап отыр. Павлодар облысының электр тұтыну көлемі – 12,7 млрд кВтс, бұл – өндірілетін жалпы электр қуаты көлемінің 41,6 %. Қалған электр қуатының 14,05 млрд кВтс (46%) көлемін Павлодар облысы еліміздің басқа аймақтарына жеткізсе, Ресейге 3,75 млрд кВтс(12,3%) көлемін экспорттайды.

Еске сала кетейік, Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел өңірлерін жұмыс сапарымен аралап жүр. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарларымен Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан), Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында болды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу