Медицина • 14 Қыркүйек, 2018

Елімізде жыл басынан бері қылмыс саны 8%-ға азайған

739 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымов айтты.

Елімізде жыл басынан бері қылмыс саны 8%-ға азайған

Жыл басынан бері қылмыс саны 8%-ға ( 175 мыңға дейін), қылмыстық теріс қылықтар 15%-ға  (20 мыңға дейін) азайды.

Аса ауыр  (-5%,) және ауыр қылмыстар (-17%), орташа (-8%) және ауыр емес  қылмыс түрлерінің саны(-10%) қысқарды. Тонау (-10%), бұзақылық (-17%), ұрлық   (-9%), сондай-ақ қоғамдық орындардағы қылмыстар (-8%),  соның ішінде көшелердегі қылмыс (-5%), төмендеді. Бұрын сотталғандар тарапынан орын алатын қылмыс (-35%), мас күйінде жасалатын (-11%) және жасөспірімдер қылмысы  (-4%) да аз тіркелді. Дегенмен, ұрлық саны бұрынғыша ең көп таралған қылмыс түрі болып отыр. Оның үлесі жалпы қылмыс көрсеткіші ішінде 70%-ті құрайды.  

Осыған байланысты, полиция мен Ұлттық ұлан жасақтарының жұмысы жетілдірілуде, оқиғаға жедел ден қою жылдамдығы артты, құқық тіртіпті күзету саласына инновациялық тенологиялар белсенді енгізілуде, соның ішінде::  

-      тәулік бойы қызмет атқаратын полицияның кешенді күштерін басқару үшін Жедел басқару орталықтары жұмыс істейді. Мұндай орталықтар әрбір облыс орталықтарында бар, қазіргі уақытта криминогендік жағдайы қиын шағын қалаларда да салынуда (Жаңаөзен, Рудный, Щучинск, Семей және Хромтау қалаларында, 2019 жылы Қапшагай, Риддер, Теміртау және Степногорск қалаларында ЖБО құру жоспарланып отыр); 

-      жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен қала көшелерінде, халық көп жиналатын жерлерде бейнебақылау (6 мың дана) жүйесі дамып келеді;

-      «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында Астана, Алматы және облыс орталықтарында бейнебақылау жүйесі кеңітіле бастады, қазіргі уақытта  15 мың тұрғын үй қадағаланады (42 мың бейнекамера орнатылды, оның ішінде 1280-і                  ППБ-ға, консъерждердің бейнебақылау пульттеріне 1796-ы қосылған);

-      жол қауіпсіздігі саласында ЖҚЕ бұзудың фото-бейне тіркеу жүйесі және жол қозғалысын бақылаудың «интеллектуалды» жүйесі енгізілуде (3,3 мың. бірлік.);

Полиция нарядтары стационарлы және алып жүру бейне тіркегіштерімен толықтай қамтамасыз етілген.

▪ Электронды әкімшілік өндіріс енгізілуде. Полицейлер кезең-кезеңмен дербес планшеттермен қамтамасыз етілуде, олардың көмегімен хаттамалар толтырылады, айыппұлдар өндіріледі.

Ағымдағы жылы 17,8 мың мас болған жүргізуші ұсталды. Сот тәртібімен 25,6 мың заң бұзушы көлік жүргізу құқығынан айырылды, ал 2200 жүргізушіге әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Ағымдағы кезеңде 9 669 (-8,7%) жол-көлік оқиғасы тіркелді.