Премьер-Министр Екібастұздағы қазақстандық майнингтік компания жұмысымен танысты

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына іс-сапары кезінде ашылғанына көп болмаған майнингтік қызмет көрсететін «БНКА Энерджи» ЖШС-нің техникалық мүмкіндігін бағалап, болашақ даму жоспарымен танысып қайтты.   

Егемен Қазақстан
14.09.2018 2989
2

Майнингтік жәшіктер мен басқару бекетіндегі электрлік есептеуіштердің жұмысын бағалаған Премьер-Министрге «БНКА Энерджи» ЖШС-нің техникалық директоры Ж. Әлдебергенов дата-орталықтың бар мүмкіндігін көрсетіп, атқарылып жатқан жұмыс пен алға қойған мақсат туралы баяндап берді. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Алғашқысы 6 тамызда жұмысын бастаған, қазір компания 4 МВт электр энергиясын тұтынады. 

Жоспар бойынша 20 қыркүйекте қосылатын келесі компанияда бұл көрсеткіш 11 МВт дейін артпақ. Одан кейінгі белес 10 қарашада 18 МВт көрсеткішімен бағындырылмақ. Жыл соңында «БНКА Энерджи» ЖШС 33 МВт тұтынуды жоспарлап отыр.

Қазақстандық компания майнингтік фермаларға хостинг қызметін ұсынумен де айналысады. Бұл қызмет ішіне майнинг құрылғыларын орнату, құрал-жабдықты бақылау және сараптау, үздіксіз электр энергиясы мен интернет желісімен қамтамасыз ету жұмысы кіреді. Қазіргі уақытта аталмыш компания осы саладағы алдыңғы азулы кәсіпорындарының қатарында. Орталықтың дәл осы өңірде ашылуына элект қуатының артылуы мен тарифінің төмендігі, кәсіби деңгейі жоғары мамандардың болуы себеп болған. Енді ірі майнингтік фермалар мен компаниялар тартылса, Павлодар аймағы еліміздегі блокчейн-технологияларды қолданатын алдыңғы қатарлы орталыққа айналары сөзсіз.

Бүгінде құны 5,7 млрд тг тұратын орталықта 16 адам жұмыс істейді. Жоба аяқталғаннан кейін 60-қа жуық жұмыс орны құрылады. Тоқсан сайын мамандар Қытайға біліктілікті арттыру үшін майнинг-жабдықтар шығарылатын зауытқа жіберіледі. Ол жақта мамандар жабдықтарды қалай жөндеп, олармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйренеді.  

Еске сала кетейік, 2017 жылғы маусым айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Х Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінде әлемдік валюта құру мәселесін көтерген еді. Сол кезде Мемлекет басшысы әлемдік қаржы архитектурасын түрлендіру қажеттігі туындағанын, халықаралық есеп айырысу-төлем бірлігін енгізу мәселесін мұқият қарайтын уақыттың жеткінін айтты. Бұл әлемді валюта соғыстарынан, алып-сатарлықтан арылтып, сауда қатынастарында қателіктерге жол бермеуге мүмкіндік берер еді. Оған қоса валюта өзінің тұтынушыларына бағыныңқы эмиссияның қарапайым, айқын тетігіне ие болуы керек.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Kúmis latyn – altyn latyn

19.11.2018

Зайнидин ҚҰРМАНОВ: Назарбаев батыл реформалар жасады

19.11.2018

Барымташылар неге басынады?

19.11.2018

Елбасы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда өткен ел біріншілігінде Н. Жарылғапов «түйе палуан» атанды

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу