Тарих • 18 Қыркүйек, 2018

Отан тарихын оқыту өлкетанудан басталады

730 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Отан тарихын оқыту өлкетанудан басталады

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндетті айқындап берді. Оның ең негізгісі – ұлттың терең тарихынан бас­тау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр.

Қазақ елінің кез келген ай­мағынан ежелгі, орта ғасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді немесе дерек­терді көптеп кездестіруге болады. Мәселе соны танып біліп, табыл­ған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, жастар тәрбиесінде тиімді пайдалана білуді үйренуде. Мемлекет басшысы «Туған жер» бағдарламасының мәнін түсін­діре келіп білім беру саласында ауқым­ды өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Танымал тарихшы Мәмбет Қойгелдиев «Туған жер» бағдарламасын ауылдық жердегі мектептерде ұйымдастырудың қызықты бағдарламасын ұсы­нады. Мәселен, мектептегі тарих­шы мұғалімдер: «Бұл ауылда қан­дай зират бар? Ауыл қашан пай­да болған? Негізін қала­ған кімдер? Бұл ауыл қандай жол­дан өтті? Ауылда қандай мық­ты әулеттер бар? Олардың тари­хы қалай жалғасты?» деген мәсе­ле­лер төңірегінде зерттеулер жүр­гізуі керек. Ал география пәні­нің мұғалімдері: «Ауылдағы тау, төбе, өзен, көше қалай пайда болған? Бастауын қайдан алады, соңы қайдан тұйықталады?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Тіл және әдебиет пәні ұстаздары: «Бұл тау мен өзен не себепті бұлай аталады? Этимологиялық мәні қайда жатыр?» деген мәсе­ленің тамырын ажыратады. Био­логия пәнінің мұғалімдері болса: «Ауылда қанша түрлі өсім­дік­тер өседі, оның ішінде дәрі­лік шөптер бар ма, бұл өсім­дік­тер басқа аймақтарда кез­десе ме?» деген сауалды зерт­тейді. Осы сауалдардың негізін­де ел­жан­д­ылыққа, ұлтжан­ды­лыққа тәр­биелеу басталады. Сон­да ел туралы түсінік терең­нен қа­лып­­тасады. Тарихшы ғалым­­ның осы ұсыныстарының өзі-ақ жер­гі­лікті жерде өлкетану­шы­лық жұ­мыс­тарды қалай ұйым­дастыруға болатынына бағыт беріп тұр.

Бүгінде жалпыұлттық пат­рио­тизмді қалыптастыруға, өзі­нің ауылына, туған жеріне деген сүйіс­пеншілікті арттыруға ба­ғыт­­­­талған «Туған жер» бағ­дар­­­­ла­­масын іске асыру және жет­­­­кін­­­шектер белсенділігін көтеру мақ­­сатында білім ошақ­тары­нда «Тәрбие және білім», «Атаме­кен», «Рухани қазына» сын­ды шара­­лар іске асырылуда. Со­н­дай-ақ «Қазақ­стан тари­хы», «Гео­­графия» және «Қазақ әдебиеті» сабақ­тарын мұра­жай­­­­ларда өткізу қолға алынды. Өлке­тану ма­те­риал­дары бі­лім алу­шының шы­ғар­­ма­шылық қыз­мет түрлерін (бел­гілі тақырып бо­йынша ақпа­рат жинау, оның ішінде есте­лік жаз­­ба­ларды дайын­дау, өлкетану­лық фактілерді талдау және ба­­ға­­лау, оларға қатысты сыни кө­з­­қа­ра­сты негіз­деу және т.б.) ме­ң­­­ге­ру­ге мүм­­кіндік береді. Бі­лім алу­­шы­­лар­ға елінің тарихын көзі­­мен кө­ріп, сезіну үшін мүм­­кін­­ді­­гін­ше мұ­ра­жайларға, тари­хи е­с­­­кер­т­­­кіш о­р­натылған немесе та­­ри­­­хи-ар­хео­ло­гиялық орын­дар­­ға экс­­курсия ұйым­дас­тыр­ған орын­ды. Себебі «Туған жер» тари­хын зер­­де­леуде білім алу­­шы­лар­дың бі­л­імін жаңа мәлі­мет­тер­мен то­лық­­тырып, нақ­ты­лайтын, теория­л­ық білімді тәжірибемен байла­ныстыратын сыныптан тыс және мек­тептен тыс тарихи өл­ке­­­та­ну ма­ңызды. Бұл оқу проце­сін жоғары сапалық деңгейге көтереді.

Мысалы, 11 сыныптағы «Қа­зақ­­­стандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі» тақы­ры­­­бын­дағы сабағымды Бөкей Ор­д­а­сы тарихи музей кешенін­де музей қызметкері Г.Елемесова­мен бірігіп өткіздім. Онда «Туған жер» бағдарламасы бойынша қыс­­қаша түсінік беріліп, әрі қарай оқушылар 1916 жылғы көтері­ліс­тің себептері, сипаты, қоз­ғау­шы күштері және тарихи маңызы туралы сұрақтарға толым­ды жауап беріп, белсенділік танытты. Өз өлкеміздегі көтері­ліс ошақ­тары мен басшылары С.Мең­дешев, Ө.Дінбаянұлы жайын­да музей кешені қызмет­кері Г.Қуаныш­қызы жан-жақ­ты баяндады. Қыс­қасы, экскур­сия әдісімен өт­кен бұл дәріс­тен шәкірттер көп­теген қосым­ша мағ­лұматқа қанық­ты. Мұра­жай­­­дағы тарихи дерек­тер мен ақ­­па­рат­т­ар да жет­кін­шек­тердің туған өлке­мізді тере­ң­і­рек тануына мүм­­кіндік береді. «Бо­ла­шаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сы аясын­да туристік экспеди­ция жасақ­та­рының «Менің Отаным – Қазақ­стан» аудан­дық слетінде мек­теп командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.

Білім алушылардың әлеумет­тік нормалар мен дүниетанулық құн­ды­лықтардың тарихи тамырын білуі, халқының тарихи тәжірибесін түсінуі саналы түрде ұлттық бірегейлікті анықтауына мүм­кіндік береді. Білім алушы­лар­дың өзін тұлғалық анықтауы ұлттық мә­дениет пен тарихи дәс­түрді қа­был­дауымен тығыз байланысты.

Бұдан шығатын қорытынды, рухани жаңғыру талабына сәй­кес қазіргі қоғам мен өткенді бай­ланыс­тыратын тарихи сана өс­ке­лең ұрпаққа бүгінгі оқиға­лар­­дың мәні туралы түсінік қа­лып­­тас­тыруда маңызды рөл ат­қарады. Тарихи сана – бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оған қоса оқу-тәрбие про­цесінің маңызды құрамдас бөлі­гі болатын тарихи білім тұл­ға­ның, азамат пен патриоттың қалып­тасуына жәрдемдесуі тиіс.

Сондықтан да «Қазақстан тарихы» пәні білім алушыларды тарихи оқиғалармен таныс­тырып қана қоймай, оған қоса ғасыр­лар бойы Ұлы Дала кеңіс­ті­гінде қалыптасқан ұлт­тық құн­ды­лықтарды түсінуге жетелейді.

Ерболат ӘБСЕЙІТОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Стандарттау және сертификаттау

кафедрасының доценті