Спорт • 18 Қыркүйек, 2018

Дмитрий Алексанинге университетте тегін оқуға құқық беретін грант тапсырылды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде фехтованиеден Азия чемпионы атанған Дмитрий Алексаниннің жеңісі құрбыларына өнеге етіліп, өзіне құрмет көрсетілді. Университет басшылығы спортшыға жоғары оқу орнында тегін оқуға құқық беретін грант тапсырды.

Дмитрий Алексанинге университетте тегін оқуға құқық беретін грант тапсырылды

Дмитрий Алексанин университеттің дене шынықтыру және спорт бөлімінің үшінші курсында оқиды. Индонезияда өткен жазғы Азия ойындары олимпиадасында жерлесіміз өте жақсы өнер көрсетті.

– Дмитрийдің жеңісі – ол біздің жеңісіміз. Ол өзінің еңбекқорлығы, талмай тынымсыз жаттығуының арқасында осындай биіктен көрінді,–деді университет басшысы Сағынтай Елубаев.

Спортшы болса алғысын айтып, өзінің жеңіске жетуге деген ынтасы мен жеке өмірінің кейбір сәттерін, үлкен спорттың тынысын құрбыларына кеңінен айтып берді.   

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы