Әлем • 19 Қыркүйек, 2018

Қазақстанның тұрақты өкілі: елдегі жағдайды тұрақтандырудағы жетекші рөл ауғандарға тиесілі болуы керек

445 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстан Президенті Мұхаммед Ашраф Ганидің қасиетті Құрбан айт мерекесі кезінде атысты тоқтату туралы бастамасын қолдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның тұрақты өкілі: елдегі жағдайды тұрақтандырудағы жетекші рөл ауғандарға тиесілі болуы керек

«Бұл қазан айында парламенттік сайлауларды бейбіт жолмен өткізу үмітіне қауіп төнгенін көрсетеді. Біз алдағы сайлауға бойкот жариялаған кейбір ауған саяси партияларының мәлімдемелеріне алаңдаушылық білдіреміз. Оны кейінге қалдыру Ауғанстандағы жағдайдына шарлату мүмкін», - деп мәлімдеді Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров.

Отырыс барысында қазақстандық делегацияның басшысы елдегі жағдайды тұрақтандырудағы басты рөл ауғандарға тиесілі болуы керек деген Ауғанстан үкіметінің пікірімен ниеттес екенін білдірді. Сонымен бірге, ол Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің назарын ИШИМ/ДАИШ террористік топтары жауынгерлерінің саны Ауғанстанда,  әсіресе елдің солтүстігінде артқанына аударды, бұл өз кезегінде Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Бұл тұрғыда елші Қазақстанның қауіпсіздік пен дамудың өзара байланысына қатысты ұсынған көзқарасын тағы да атап көрсетті. Тұрақты экономикалық даму және жұмыс орындарын құру халықты жұмыспен қамтуды күшейтуге, жастарды лаңкестік топтар құруға және қауіпсіздікті нығайтуға жол бермейтін болады. Ол бірлескен жобаларды іске асыруға және Ауғанстанның Орталық Азия сауда-экономикалық ынтымақтастығына жаңа қатынастар моделі ретінде қосылуына жәрдемдесуге шақырды. «Орталық Азияның барлық мемлекеттері біздің ауған әріптестерімізбен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құруды және инфрақұрылым, транзит, көлік, энергетика және басқа салаларда аймақаралық өзара байланысты құруды көздейді», - деп атап өтті Қ. Омаров.

Қақтығыстарды алдын алу да әйелдер мен жастардың атқаратын орталық рөліне ерекше назар аударылды. Қазақстанның тұрақты өкілі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қатысушыларына Астанада өткен «Ауғанстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» өңірлік конференцияның, сондай-ақ 2019-2020 жылдары ауған әйелдері үшін қосымша степендия бөлу туралы Қазақстан Үкіметінің шешімін жеткізді. Бұл шешім 50 миллион АҚШ долларын құрайтын арнайы білім беру бағдарламасы бойынша 1000 ауған азаматтық мамандарды даярлау жөніндегі бастаманың жалғасы болды. Сонымен қатар, Қазақстанның, Өзбекстанның және Еуропалық Одақ елдерінің екі елдің жоғары оқу орындарында ауған әйелдеріне кәсіптік-техникалық тренингтер өткізу және оларды даярлау бойынша эксперименттік жобаны бастау ниеті туралы айтылды.

Отырыста БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының басшысы Тадамичи Ямамото Ауғанстанның қауіпсіздік жағдайына және парламенттік сайлауларына кедергі туу қаупіне алаңдаушылығын білдірді. Дегенмен, Арнайы өкіл Ауғанстанда маңызды шешімдер қабылдау уақыты келгенін атап өтті. «Бұл шешімдер қоғам негізіне және Ауғанстанның болашағына ықпал ететін болады», - деді Т. Ямамото.

Естеріңізге салсақ, Ауғанстандағы парламенттік сайлаулар 2018 жылдың 20 қазанына жоспарланған. Онда Ауғанстан Ұлттық Ассамблеясы төменгі палатасының мүшелері сайланбақ. Соңғы рет парламенттік сайлаулар 2010 жылы өткен болатын. Ауғанстан парламентінің өкілеттік мерзімі 2016 жылдың 22 маусымында аяқталды, бірақ президент Ашраф Гани елдегі қауіпсіздік және тұрақсыздық себептеріне байланысты сайлауды кейінге қалдырған болатын.