Қоғам • 19 Қыркүйек, 2018

Қостанайда ішкі істер органдары ақпараттық қызметтің 100 жылдығы аталып өтілуде

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайда  ішкі істер органдары ақпараттық қызметтің 100 жылдығы аталып өтілуде

Ішкі істер басқармасы құрылған күннен бастап құқық қорғау саласының жұмысында бірізділікті, тәртіпті, жүйелілікті қалыптастыратын ақпараттық қызметті қажетсінді. Бір ғасыр бойы құқық қорғау органдарының барлық бөлімдерінде ақпараттық-сараптау  ісі қалыптасты, қазір олар ақпараттық-сараптау орталықтарына айналған. Әдетте, полицияның негізгі салмағын ерлер атқаратыны белгілі. Сонымен қатар, полицияның көптеген жұмыстары погон таққан әйелдер қолында.

«Мен он жылдан бері Қостанай қалалық ішкі істер басармасының Ақпараттық-сараптау орталығын басқарып келемін. Бұл бөлімдегі тәжірибе қызметкерден қызметкерге беріліп отырады. Есеп, нақты ақпараттарды жүйелеп отыру жалпы полиция жұмысының жақсаруына ықпал етеді», – дейді Алтынай Есмағамбетова.

Қызметтің 100 жылдығына орай облыста ақпараттық-сараптау орталықтары қызметкерлері арасында «Мамандығының үздігі» атты байқау өтті. Қостанай қалалық ішкі істер басқармасы орталығының қызметкерлері облыстық байқауда үшінші орынды жеңіп алды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай