Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

1100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі Түркістан облысы Түлкібас ауданының Құрметті азаматы атанды. 

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

Бүгін қазақ баспасөзінің қара шаңырағына арнайы ат басын бұрған аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен мен мәслихат хатшысы Сәдуақас Сейсенбаев биыл 90 жылдығын тойлап жатқан киелі Түлкібас ауданы Мәслихатының шешімімен бекітілген мәртебелі марапатты салтанатты түрде табыстады. 

Марапаттың да марапаты бар, соның ішінде туған жердің құрметті азаматы атану кімге де болсын ерекше мәртебе, үлкен мерей екені анық. Құтты болсын!