Саясат • 21 Қыркүйек, 2018

Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Әйел­дер жаһандық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қолдайды» атты Екінші еура­зия­лық әйелдер форумына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

Ресей Федерациясы Федерал­дық Жиналысының Федерация Кеңесі мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Пар­ла­мент­аралық Ассамблеясы ұйым­дас­тырған форумға Ресей Федера­ция­сы­ның Президенті В.Путин, халықара­лық ұйымдар жетекшілері, сондай-ақ әлем­нің 100 елінен 500-ден астам өкіл қатысты.

Қазақстан делегациясының құра­мына Парламент депутаттары, мемле­кеттік органдар басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері кірді.

Гүлшара Әбдіқалықова құттық­тау сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесіндегі: «Өткен ғасыр­лардың қасіретті қателіктерін қайта­лауға жол бермей, әлемді соғыс қа­терінен түпкілікті арылту үшін үкі­мет­тердің, саясаткерлердің, ғалым­дар­дың, бизнесмендердің, өнер қайрат­кер­лерінің және бүкіл әлемдегі миллион­даған адамның күш-жігерін жұмылдыру қажет» деген сөзіне назар аударды.
Мемлекеттік хатшы тұрақты және әділетті қоғам құру үшін әйелдер эко­но­мика өмірінің барлық саласына то­лық­қанды атсалысуы қажет екенін атап өтті.

– Бүгінде біздің еліміз Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөліп отыр. Біз Тәжікстан мен Қырғызстандағы қақтығыстарды жоюға атсалыстық, Иран мен Сирия жөніндегі келіссөздер үшін алаң ұсындық, – деді Мемлекеттік хатшы.

Форум аясында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «БҰҰ-әйелдер» ұйымының атқарушы директоры, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фумзиле Мламбо-Нгкукамен және «Әйелдер жиыр­малығының» (W20) негізін қалаушы әрі президенті Гюльден Тюрктанмен екіжақты кездесулер өткізді. Онда өзекті әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық проблемалар, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатымен әйелдердің мүмкіндігін одан әрі арттыру, халықаралық және өңірлік бастамалар көтерудегі рөлін күшейту мәселелері талқыланды.