Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы, ел мақтанышы Қанат Ислам қонаққа келді. Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионына жиналған жұрт былғары қолғап шеберін қошеметпен күтіп алды.

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

Көпшілік алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан құрылған ауданға танымал боксшының келуі үлкен қуаныш екенін, жергілікті жерден мықты спортшыларды, кәсіпқой боксшыларды дайындап шығару үшін Қанат Ислам сияқты тұлғаларды насихаттау жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ аудан әкімі қазақ батырының астына тұлпар мінгізіп, үстіне шапан жапты. Қанат Исламмен бірге келген түйе палуан, «Қазақстан барысы» турнирінің жүлдегері Жұманазар Ерсұлтановқа да құрмет көрсетілді. 

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға ақыл-кеңесін айтып, мастер-класс өткізді. Ал Мақтаарал агроколледжінде студенттермен кездесіп, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы.