Медицина • 21 Қыркүйек, 2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

1095 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбайұлы Нұрлыбайдың қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президенті жолдауын іске асыру бойынша «Қазақстандағы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласының дамуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басымдықтардың бірі тұрмыстық қатты қалдықтарды заманға сай кәдеге жарату және қайта өңдеу арқылы Қазақстанның ресурсттық потенциал одан әрі дамыту болып табылады, мұнда жергілікті атқарушы органдар бизнесті тарту арқылы қажет жағдайды жасайды.

  Қазақстанның «жасыл» экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамасында қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылға қарай - 40%-ға, 2050 жылға – 50%-ға дейін жеткізу анықталған. 

Ағымдағы жылғы 8 айда шамамен 3,2 млн. тонна тұрмыстық қатты қалдық түзілді, оның ішінде 330 мың тоннаға жуығы қайта өңделді және кәдеге жаратылды, бұл жалпы түзілген көлемнің шамамен 10,5%-н құрайды. 2018 жылы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 11%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республики Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды заманға сай кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша Шаралар кешені жобасын әзірледі. Бүгінгі күні облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерімен Шаралар кешендері бекітілді, бұл қажет инфрақұрылымды құруға, одан да сапалы қайталама шикізатты алуға, тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу нарығын дамытуға, сондай-ақ полигондарда орналастырылатын қалдықтар көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін болады.

Сондай-ақ, Министрлік тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін дамыту, инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша нормалар қарастырылатын жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.