Экономика • 22 Қыркүйек, 2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұма күні Нью-Йорк пен Лондонның шикізат биржаларындағы мұнай бағасы біршама өсті.

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

Сауда қорытындылары бойынша, қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 0,006 долларға көтеріліп, берреліне 78,77 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қараша айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,46 долларға артып, бір баррель мұнай 70,78 доллар болды.