Әлем • 24 Қыркүйек, 2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 қыркүйек Танзаниядағы Виктория көлінде Юкора мен Буголора аралдарының арасында жолаушылар паромы апаты орын алды, деп хабарлайды vesti.ru. 

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

Global Look Press

Алғашқы деректер бойынша, жолаушылар саны 300-ден 400-ге дейін болған.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, бүгінде қаза тапқандардың саны 225 адамға жетті. Бұған дейін 209 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 22 қыркүйек кешке тағы ондаған адамның денесі табылған, тағы жеті адам 23 қыркүйек күні таңертең табылды.  Сонымен қатар, кемеге ауыр жүк тиелген. Олардың арасында жүгері тола қаптар, банан мен цемент болған.

Апаттың себебі кемені басқару кезіндегі бірден бұрылудан болуы мүмкін дейді. Апаттан құтқарылғандар кемені басқарған адам ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған және ол айлаққа дұрыс емес жақтан кіре бастағанын айтқан.