Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

377 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер органдары сыбайлас жемқорлыққа ең бейім мемлекеттік құрылымдар қатарына енеді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге  бұл бағытта тұрақты түрде алдын-алу жұмыстар жүргізіліп келеді.

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

Оның бір мысалы ретінде, ағымдағы жылдың 28 маусымындағы Департамент басшысы Расул Медетовтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның аумақтық департаменті басшылығымен бірге өткізген Ақтөбе облысының ІІД жеке құрамымен кездесуін айтуға болады. Шарада қылмыстық жауапкершілікке тартылған ішкі істер департаментінің қызметкерлері жөнінде статистикалық мәліметтер жарияланып, кездесудің қорытындысында Расул Медетов полиция қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеуге шақырды.

Нәтиже өзін көп күттірген жоқ. Осылайша, ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Ақтөбе облыстық ІІД жол-патрульдік қызмет сақшыларымен Тілеу батыр және Есет батыр көшелерінің қиылысында қауіпсіздік белдігін тақпай, жол жүру ережесін бұзғаны үшін автокөлік жүргізушісі тоқтатылды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында инспекторға 2000 теңге көлеміндегі заңсыз сыйақы ұсынған.

Жоғарыда аталған әрекеттер бейнетіркеу камерасына түсіріліп, ҚР ӘҚБТК 676 бабына сәйкес жүргізушіге Департамент қызметкерлерімен әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді және ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды.

Жол жүру ережесін бұзып, жол полиция қызметкерлерімен 2000 теңгеге келіспек болған жүргізуші енді 481 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

Бұл жағдайда ЖПП қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін жауапты орындап, арын параға сатпады. Мұндай қызметкерлер өзге тәртіп сақшыларына үлгі болуы тиіс, деп санаймыз.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыс тұрғындарын пара беруден бас тартуға шақырады. Одан да айыппұл төлеп, бюджетті толтырған дұрыс, кейін бұл қаржы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға жұмсалатын болады.