26 Қыркүйек, 2018

Жылу беру маусымына әзірлік басталды

480 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде суға шомылу маусы­мының аяқталуына, өрт қаупі кезеңінің өтуіне және жылу беру маусымына әзірлікке арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.  

Жылу беру маусымына әзірлік басталды

Юрий Ильиннің айтуынша, биылғы шомылу маусымы басталғаннан бері ІІМ облыс әкімдіктерімен және мүдделі органдармен тығыз жұмыс жа­сай отырып, тәжірибелік және профилактикалық іс-ша­ралар кешенін жүргізген. Су ай­дын­да­рының қауіпті және күзе­тіл­мейтін учаскелерінде (дала жаға­жай­лары) құтқарушылар Төтенше жағдайлар комитеті мо­бильді құтқару бекеттерін ұйым­­­дастырып, шомылуға тыйым салын­ған жерлерді белгілеген. Сонымен қатар бұл жерлерде тыйым салу және ескерту белгілері орнатылған. 

Биылғы суға шомылу маусымы кезеңінде 8 мыңнан астам рейд жүргізіліп, ішімдік ішкен және ортақ су пайдалану қағидаларын бұзған 2,5 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Юрий Ильин қабылданып жатқан шараларға қарамастан, шомылуға арналмаған су айдындарында азаматтардың қаза болу фактілері кездескеніне тоқталып өтті. Олардың 85 проценті суға шомылу мау­сымының басында тіркел­ген. Бұл ретте айта кетер жайт, кей­бір азаматтардың өз өміріне сал­ғырт қарауы. 

Жалпы, қаза бо­лудың не­гізгі себептері көп. Олардың қатарында қатты ағыс, аяқ-қолдың құрысуы, ба­лық аулау кезінде ережелерді сақ­тамау, мас күйінде шомылу, жүзе білмеу, балалардың үлкен­дердің бақылауынсыз суға түсуі сияқты себептер бар. Азаматтар өлі­мінің басым бөлігі суға түсуге жағ­дай жа­салмаған орындарда тіркелген. 

2018 жылы өрт қаупі туын­дайтын кезеңде алдын алу ша­ра­ларының нәтижесінде орман өрті 38 процентке, ал дала өрті 3 есе азайған. Қауіпті кезең басталғаннан бастап, бар­лық орман алқаптарында жеке тұлға­лардың келуіне және көлік құрал­дарының кіруіне шектеу қою бо­йын­ша жалпы саны 325 мобильді топ құрылып, олар 2 мыңға жуық рейд жүргізген. Соның нәти­же­сінде 177 тұлға әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылған.

2018-2019 жылдары жылу беру кезеңінде өрт санын азайту мақсатында азаматтық қор­ғау органдары іс-шаралар жос­парын бекіткен. Мәселен, 15 қыр­күйектен бастап өрт қауіп­сіздігі айлығы басталды. Бұл айлық шеңберінде комитеттің аумақт­ық бөлімшелерінің инже­нер­лік-инспекторлық құрамы жер­гілікті тұрғындармен жылу беру маусымының аяқталуына дейін жоспарлы жұмысын жүргізе бермек.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»