Күрес • 26 Қыркүйек, 2018

Аса ауыр салмақтағы дзюдошыларымыз жеңілді

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелеген салмақ дәрежелері бойынша жарыс бүгін аяқталды. Ертең аралас командалар арасындағы айқастарды тамашалаймыз.

Аса ауыр салмақтағы дзюдошыларымыз жеңілді

Бүгін аса ауыр салмақ дәрежелері бойынша бәсекелер өтіп жатыр. Өкінішке қарай, жарыс жолына шыққан үш жерлесіміз де алғашқы айналымдарда өз қарсыластарына есе жіберіп, көрермендер қатарына қосылды. Әйелдер арасында Гүлжан Исанов мен Камила Берліқаш боз кілемге шықты. Гүлжан Пуэрто-Риконың өкілі Мелисса Мохикадан жеңілді. Камила Дүниежүзілік Универсиада мен Еуропа чемпионатының жеңімпазы, украиналық Елизавета Каланинаға жол берді. Ерлер арасында күш сынасқан Ерасыл Қажыбаев тұсаукесер кездесуінде чилилік Франциско Солиске сан соқтырғанымен, келесі бәсекеде өзбекстандық Бекмұрод Олтибоевтан ойсырай ұтылды. 

Осылайша, Әзірбайжанның астанасында өткен әлем чемпионатында Қазақстанның дзюдошылары қос жүлдеге қол жеткізді. Бұл жарыста Отгонцецег Галбадрах (48 кило) қола алса, Ерлан Серікжанов (66 кило) күміс медальді мойнына ілді. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»