Кино • 01 Қазан, 2018

«Әміре» фильмінің операторы Грузияда өткен фестивальде жүлдеге ие болды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әміре» фильмінің операторы Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») Тблисиде қыркүйектің 27-сі мен 28-і аралығында өткен Golden Eye («Алтын көз») атты халықаралық кино- және телеоператорлар фестивалінде Panasonic компаниясының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ аталған кинотуынды фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды.

«Әміре» фильмінің операторы Грузияда өткен фестивальде жүлдеге ие болды

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылы сәуір айында жалпыұлттық прокатқа шыққан кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайды. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсірген.

Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa). Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы», «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмдері арқылы танылған австралиялық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен.

Инновациялық технологиялардың Халықаралық қоры ұйымдастырған ең танымал іс-шаралардың бірі – Golden Eye кинофестивалі Грузияда 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған кинофестиваль кино-және телеоператорларға баршама қолдау көрсетіп, олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.