Футбол • 02 Қазан, 2018

Футзалдан Чемпиондар лигасы басталды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін шымылдығы ашылатын футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының топтық турнирінде Қазақстанның қос командасы бақ сынайды.

Футзалдан Чемпиондар лигасы басталды

Алматының «Қайраты» Косовода өнер көрсетеді. Бүгін біздің жігіттер жергілікті «Феникс» клубымен кездеседі. Ертең Португалияның «Спортингімен» сайысқа түсеміз. 6 қазанда Беларусьтің «Лидасымен» шеберлік байқасамыз. «Қайраттың» бұл турнирде толағай табыстарға қол жеткізгенін жанкүйерлер жақсы біледі. Атап айтсақ, алматылық клуб 2013 және 2015 жылдары Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанса, тағы бірнеше рет жүлдегерлер қатарына қосылды.

Ал «Ақтөбе» осындай дүбірлі доп додасына алғаш рет қатысқалы отыр. Бүгін Хорватияның Макраска қаласында басталатын турнирде жерлестерімз жергілкті «Ново Вриемя», финляндиялық «Кампуксен Динамо» және грузиялық ТМС клубтарына қарсы ойнайды.  Осы жарыста табысты өнер көрсеткен командалар Чемпиондар лигасының элиталық тобында күш сынасу құрметіне ие болады.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»