Таным • 03 Қазан, 2018

«Адал ұрпақ» клубы 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді

1535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Адал ұрпақ» клубы 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы аралықта жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүйелі жүргізіп, ел мүддесін бірінші орынға қоятын адал буынды тәрбиелеу жолында бірқатар жұмыстардың басы қайырылды. 

«Адал ұрпақ» клубы 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жер­гілікті департаменті мен «Қо­ғамдық келісім» комму­налдық мемлекеттік мекемесінің қол­дауымен ұйымдастырылған клубтың облыстық слетіне мек­тептерден 500-ден астам делегат жиналып, алда атқарылатын іс-жоспарлармен бөлісті. Делегаттар алдында сөйлеген сөзінде облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет жемқорлық деңгейі төмен өңірде қоғамдық жегі құртпен күрес жан-жақты өріс тапқанын жеткізе келіп, бүгінгі күні 497 ұйымға бірігіп отырған мектеп оқушылары аға ұрпақ дәстүрлерін берік ұстап, жалғастыратынына сенім білдірді. Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін жеткіншектер Тұңғыш Президент саябағында өткен квест ойындарына, сондай-ақ шеруге қатысып, білімдері мен спорттық әзірліктерінің биік дәрежеде екенін танытты. 

«Адал ұрпақ» клубы қата­ры­на сабақта озат, қоғам­дық жұ­мыстарда белсенді отызға жуық жас патриот қабылданып, пара­­қорлық акциялар мен шараларға үзбей араласып келе жат­қан жергілікті ұйымдар мен олардың жетекшілеріне ай­мақ бас­­шысының алғыс хаттары тап­сырыл­ды. Үздіктер қата­рын­да Келлеровка, Мамлют, Есім Шай­кин атындағы мектептер бар. 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы