Әлем • 03 Қазан, 2018

Химия саласының мамандары Нобель сыйлығымен марапатталды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Химия саласы бойынша Нобель сыйлығымен Фрэнсис Арнольд, Джордж Смит және Грегори Винтер марапатталды, деп хабарлайды euronews.

Химия саласының мамандары Нобель сыйлығымен марапатталды

2018 жылы Нобель сыйлығымен екінші әйел адам марапатталды. АҚШ биохимигі Фрэнсис Арнольд ферменттердің эволюциясы және пептидтер мен антиденелерді салыстыру саласын Джордж Смит және Грегор Винтермен бірге зерттеген.

Арнольд – бағытталған эволюция саласындағы алғашқылардың бірі. Ол химиялық реакцияларды катализдейтін ақуыздарды бақылауға алған. Оларды биоотын өндірісінен бастап, фармацевтикалық өнімдерге дейін көптеген салаларда қолдануға болады.

Американдық Джордж Смит және британдық Грегори Винтер фагалық диплейді ойлап тапты. Бұл – ақуыздың ДНҚ, пептидтер және басқа ақуыздармен өзара байланысын зерттеудің лабораториялық әдісі.

Смиттің зерттеуіне сүйенсек, бактериофагтарды жаңа ақуыздар эволюциясы үшін пайдалануға болады. Ал Винтер мұны жаңа дәрі-дәрмек өндірісі үшін қалай пайдалануға болатынын тапты.

Бүгінде фагалық дисплей токсиндерді бейтараптандыруға және аутоиммунды аурулармен, метастатикалық қатерлі ісікпен күресуге мүмкіндігі бар  антиденелерді өндіру үшін қолданылады.