Әлем • 08 Қазан, 2018

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша 2018 жылғы лауреаттары анықталды, деп хабарлайды ТАСС.

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Амеркалық экономистер Уильям Нордхаус пен Пол Ромер экономикалық модельдеу саласындағы нарықтық экономика мен климаттың өзгеруінің байланысын анықтауға қосқан үлесі үшін жеңімпаздар қатарынан табылды.

Уильям Нордхаус 1941 жылы АҚШ-тың Альбукеркеде қаласында дүниеге келген.  Бүгінде Йель университетінің профессоры қызметін атқарады. Пол Ромер – америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Дүниежүзілік банктың шеф-экономисі.  

Нобель сыйлығының лауреаттарын марапаттау жыл сайын 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді. Бейбітшілік пен әдебиет саласы бойынша Нобель лауреаттары дәл сол күні Норвегияның Осло қаласында марапатталады.