Бокс • 09 Қазан, 2018

Жәнібек «Жыртқышпен» жұдырықтасады

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта жұдырықтасып жүрген Қазақстанның кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кезекті жекпе-жегін 3 қараша күні АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өткізеді.

Жәнібек «Жыртқышпен» жұдырықтасады

Сол бокс кешінде қандасымыз 32 жастағы Вон Александермен айқасады. «Жыртқыш» деген лақап атпен танылған америкалық боксшы кәсіпқой рингтегі өзінің тұсаукесер кездесуін 2004 жылы өткізді. Қатарынан бес жекпе-жекте қарсыластарын сұлатып салып, көпшілік назарын өзіне аударған еді. Бірақ көп ұзамай Вон істі болып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. 2015 жылы түрмеден босағаннан кейін ол шаршы алаңға қайта оралды. Осы күнге дейін Александер барлығы 13 бәсеке өткізіп, 12 рет жеңіске жетті. 8 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ол кезінде Демаркус Корли, Тимоти Брэдли, Маркос Майдана, Әмір хан, Виктор Ортис сынды саңлақтармен күш сынасқан атақтыь боксшы Девон Александердің туған ағасы.    

Ал 25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы үшін бұл кәсіпқойлар арасындағы төртінші жекпе-жегі болмақ. Осының алдындағы бәсекелердің барлығы да қазақ жігітінің жеңісімен аяқталды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»