Үкіметте Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
09.10.2018 1455
2

ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың айтуынша, жалпыұлттық жоспарда еліміздің дамуы үшін қолға алынатын негізгі алты міндет бойынша 100 іс-шара  қамтылған.

Мемлекет басшысы Жолдаудағы бірінші тапсырма — «Халық табысының өсуі» міндеті бойынша қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне ерекше назар аударды. Бұл мақсатқа жету үшін қазақстандықтардың табысын арттырып, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 24 іс-шара қарастырылып отыр.

«Қазақстандықтар үшін аса маңызды шаралардың бірі – 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп 1,5 есе артыру шарасы. Халықтың кірісін қорғау үшін заңнамаға тариф белгілеу тетігінің, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін өзгерістер енгізілетін болады. Бизнесті тиімді қолдау мақсатында 2025 жылға дейінгі Бизнестің жол картасы бағдарламасы жалғастырылады», — деді Т. Сүлейменов.

«Тұрмыс сапасын арттыру» екінші міндеттің аясында екі маңызды сала — білім беру және денсаулық сақтауды қамтитын 24 іс-шара көзделген. Ұлттық экономика министрінің мәлімдеуінше, оқушылар орнының тапшылығын жою және үш ауысымды мектептер проблемасын шешу мақсатында осы жылдың соңында өңірлерде мектептердің құрылысы басталатын болады.

Денсаулық сақтау саласында медицина қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшеді.

«Биыл Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы басталады. Ол қазіргі заман талабына жауап беретін құрылғылармен жабдықталады. Халықты сапасыз және денсаулыққа қауіпті тауарлар мен қызметтерден қорғау мақсатында Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылады», — деді Т. Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрі Жалпыұлттық жоспардың барлық шаралары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, еліміздің кез келген елді мекенінде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруге жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

Бұған қоса, елімізді тиімді аумақтық ұйымдастыру мақсатында Елімізді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы қабылданатын болады, бұл Еліміздің басқарылатын кенттенуінің жаңа картасына айналады. Министрдің айтуынша, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы нақты іс-шараларын, жобалары мен қаржыландыру көлемін көрсете отырып келесі жылы қабылданатын болады. Көлік инфрақұрылымын, коммуналдық және тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында  «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары ұзартылатын болады.

Сондай-ақ,  Т. Сүлейменовтың айтуынша, құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі жақсарту және азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматын енгізуді, қоғамдық қауіпсіздікті мониторингілеу жүйелерімен қамтамасыз етуді көздейтін ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасы қабылданатын болады.

«Соттардың жұмыс істеуінің заманауи форматын және озық электрондық сервистерді енгізу, артық сот рәсімдерін қысқарту арқылы сот жүйесі одан әрі жаңғыртылатын болады», — деді ол.

«Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» атты төртінші міндет аясында 19 іс-шара көзделген. Мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін адамдарға түсіндіруді көздейтін «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасы әзірленетін болады.

«Тиімді сыртқы саясат» бесінші міндеті аясында сыртқы саясатты қазіргі жағдайларға бейімдеу және ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарында ілгерілету бойынша шаралар қабылданатын болады.

«Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы» алтыншы міндеттің шеңберінде 6 іс-шара көзделген.

Т. Сүлейменовтың айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына жаңа мазмұн мен бағыттарды қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Мемлекет басшысы жариялаған Жастар жылы аясында жастардың барлық санатын қолдау шараларын көздейтін іс-шаралар жоспары қабылданатын болады. Әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту үшін мектептерде «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігі құрылады.

«Жалпы алғанда Жалпыұлттық жоспарды уақытылы орындау Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жолдауда берген тапсырмаларын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге негіз болады», — деп түйіндеді ұлттық экономика министрі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу