Спорт • 10 Қазан, 2018

«Алматы» клубы бас жүлдені олжалады

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде гандболдан әйелдер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты аяқталды.

«Алматы» клубы бас жүлдені олжалады

Иран, Үндістан, Өзбекстан және Қазақстанның бірқатар белді командалары бақ сынаған жарыста «Алматының» арулары алдарына жан салмады. Бес бәсекенің барлығында жеңіске жеткен алаң иелері 10 ұпайды еншілеп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ал Қызылорданың «Қайсары» мен «Астана» командалары күміс пен қола медальді иеленді.

Айтулы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын өздеріңізде көрдіңіздер. Сол үшін де Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен республикалық гандбол федерациясына зор ризашылығымызды білдіреміз. Әу бастан-ақ біз алтын тұғырды көздеген едік. Сол мақсатымызға қол жеткізе алдық. Енді алда «Алматының» басқа да дүбірлі додалар күтіп тұр. Сол бәсекелерде де өз жанкүйерлеріміздің қуантуға тырысамыз, – дейді «Алматы» клубының жаттықтырушысы Арсен Бердібеков.  

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ