Медицина • 11 Қазан, 2018

Түркістан облысында бес баланың анасы үшемді дүниеге әкелді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тіл-көзден сақтасын, дейік Түркістан облысында үшемдер қатары арта түсуде. Сарыағаш ауданындағы Ұшқын ауылының тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаева екі ұл және бір қызды дүниеге әкелді.

Түркістан облысында бес баланың анасы үшемді дүниеге әкелді

Шымкентегі №1 перинаталдық орталықта өмірге келген үшем туралы ақпаратты облыстық денсаулық басқармасы апта өткен соң жария етті. Оған себеп те жоқ емес екен, ана мерзімінен ертерек босанған.

Дәрігерлер нәрестелерді бір апта бақылауда ұстапты. Күні кеше үшемді дүниеге әкеліп, сегіз баланың анасы болған Ұлжалғас перзентханадан аман-есен шықты. Өмір есігін жаңа ашқан Айберік, Байсерік және Гүлсімнің бес аға-әпкесі бар. Перинаталды орталықтың дәрігерлері нәрестелер мен балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін Ұ. Бақтыбаеваның денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы